https://sputnik.kz/20220325/resey-zhana-alem-23740554.html
Ресейлік БАҚ: РФ жаңа әлем үшін күресіп жатыр
Ресейлік БАҚ: РФ жаңа әлем үшін күресіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша операциясы тарихты дейін және кейінге бөлген оқиғаға айналды. 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T21:58+0500
2022-03-25T21:58+0500
2022-03-25T21:58+0500
әлем
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19175352_0:0:1719:967_1920x0_80_0_0_d4354683a0189c65d7b961ff5418e1df.jpg
24 ақпанда адам баласы бүгінде бір айдан бері өмір сүріп жатқан жаңа әлемде оянды, деп жазды РИА Новости тілшісі. Батыс саясаткерлері басты назарда ұстаған Югославияны бомбалау "тарихқа тоқырау" келгені туралы алғашқы белгі болды. Бұл бомбалау альянс көздеген мақсатына қол жеткізген НАТО-ның соңғы операциясы еді. Одан кейін Вашингтон "Талибанды"* қиратуға кіріскен Ауғанстан тұр. 20 жыл өткеннен кейін АҚШ масқаралықпен ауған жерінен кетуге мәжбүр болды, ал тәлібтер қайтадан билікті өз қолына алды. Бұл әлемде демкоратияны сылтау етіп, өзге мемлекеттің ішкі мәселесіне араласуға, Одессадағы кәсіподақтар үйінде адамдарды жағып жіберуге, өз халқың қатысып жатқан соғысты сегіз жыл бойы елемеуге жол жоқ. Мақала авторының пікірінше, бүгінде жаңа әлемнің болашағы ресейлік сарбаздардың қолында тұр – олар осы әлем үшін күресіп жатыр. Бұл мәселеде АҚШ пен Ресейдің іс-қимылындағы түбегейлі айырмашылық бәріне айқын. Себебі ресейлік ұшақтар америкалықтар Югославия, Ауғанстан және Иракта жасағандай қалаларды бомбалап жатқан жоқ. Ресей бейбіт халық арасындағы шығынды мейлінше азайтуды қалап отыр. Сондықтан арнайы операция алдағы міндеттер орындалғанға дейін созыла береді. Бұл мәселеде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Оның аяқталатынын дипломаттар талқылайды. Олар жаңа әлемнің қауіпсіздік құрылысын анықтап, алдыңғыға қарағанда әлдеқайда мінсіз механизмдерді әзірлеуі керек. Олардың кейбірін қайта қарау қажет болады. Мысалы, орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы келісімшарт. Стратегиялық шабуылдау қаруы туралы келісімшарт төңірегінде де талқылау жүретіні анық. Ресейде басқа мемлекеттерден озық боп тұрған гипердыбысты қару жайы да қаралады. Бірақ бұл келісімдердің баламасы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты құжат сипатында болмайды. Себебі енді оларды Бейжің, Дели, Берлин, Париж, Тегеран, Эр-Рияд – бірполярлы әлемнің қателіктеріне жол беруді қаламайтын кез келген мемлекеттің астанасында мұқият қаралады. "АҚШ пен оның одақтастары капитализмнің негізгі принципі – жеке меншікке қол сұқпаушылықты жоққа шығарды. Ресейлік миллиардерлердің қомақты қаражаты бұғатталғанына қарапайым ресейліктер қатты мән беріп тұрған жоқ. Бірақ жоғарыда аталған мемлекеттер бұл мәселені бақылап отыр. Өйткені өз елдеріндегі дәулетті азаматтардың ақшасы да батыс банктерінде жатыр. Сондықтан Вашингтон, Лондон және Брюссельдің қазіргі әрекеті оларға ұнап отырған жоқ", - деп жазылған материалда. Бір жарым апта бұрын америкалық БАҚ Сауд Арабиясы мен Қытай мұнай келісімшарттары үшін юаньмен ақы төлеу мүмкіндігін талқылап жатқанын жазды. Ал кеше Ресей енді Еуропа елдері газды рубльге сатып алатынын жария етті. Ақпанда әлем экономикасының доллардан бас тартуы орындалмастай көрінген еді, бірақ қазір бұл ақиқатқа айналып жатыр. Еуропа алдында үлкен таңдау тұр: ол шынайы тәуелсіз болады немесе әлі мұхиттың арғы бетіне жалтақтауды жалғастыра береді. Ресейге қарсы енгізілген санкциялар қатардағы еуропалықтар үшін үлкен қиындықтар алып келді. Оның үстіне, НАТО-ның Еуропадағы бөлігі Украинаны бірауыздан қолдап отырмағаны байқалады. Ресейдің өзін де ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Экономикалық проблемалар шұғыл шешім табуды қажет етіп отыр. Бұл өзгерістер адамзат тарихының бір бөлігіне, жаңа әлем құрылуының бастамасына айналады. Жаңа әлем үшін әрқайсысымыз жауапкершілік сезіну керекпіз, деп түйіндеді мақала авторы. * Террористік іс-қимылы үшін БҰҰ санкциясы енгізілген ұйым. ** Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.
https://sputnik.kz/20220321/resey-ukrainadagy-nato-bitimgerlerine-qanday-eskertu-zhasady-23703491.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19175352_140:0:1580:1080_1920x0_80_0_0_7b1c412a4b88ebccf63bae0286792c82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресейлік БАҚ: РФ жаңа әлем үшін күресіп жатыр
Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша операциясы тарихты дейін және кейінге бөлген оқиғаға айналды.
24 ақпанда адам баласы бүгінде бір айдан бері өмір сүріп жатқан жаңа әлемде оянды, деп жазды
РИА Новости тілшісі.
Батыс саясаткерлері басты назарда ұстаған Югославияны бомбалау "тарихқа тоқырау" келгені туралы алғашқы белгі болды. Бұл бомбалау альянс көздеген мақсатына қол жеткізген НАТО-ның соңғы операциясы еді.
Одан кейін Вашингтон "Талибанды"* қиратуға кіріскен Ауғанстан тұр. 20 жыл өткеннен кейін АҚШ масқаралықпен ауған жерінен кетуге мәжбүр болды, ал тәлібтер қайтадан билікті өз қолына алды.
"Бұдан соң Иракта жаппай қырып-жою қаруын іздеу операциясы өтті. Ол қару табылған жоқ. Алайда бұл ДАИШ** күшеюіне бастау болды. АҚШ пен Еуропа қолдаған "араб көктемі" Ливия мен Сириядағы қантөгіс азаматтық соғысқа алып келді. Міне, осы әлеммен қоштасып отырмыз. Енді жаңа әлем құрылып жатыр", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
Бұл әлемде демкоратияны сылтау етіп, өзге мемлекеттің ішкі мәселесіне араласуға, Одессадағы кәсіподақтар үйінде адамдарды жағып жіберуге, өз халқың қатысып жатқан соғысты сегіз жыл бойы елемеуге жол жоқ.
Мақала авторының пікірінше, бүгінде жаңа әлемнің болашағы ресейлік сарбаздардың қолында тұр – олар осы әлем үшін күресіп жатыр. Бұл мәселеде АҚШ пен Ресейдің іс-қимылындағы түбегейлі айырмашылық бәріне айқын. Себебі ресейлік ұшақтар америкалықтар Югославия, Ауғанстан және Иракта жасағандай қалаларды бомбалап жатқан жоқ. Ресей бейбіт халық арасындағы шығынды мейлінше азайтуды қалап отыр. Сондықтан арнайы операция алдағы міндеттер орындалғанға дейін созыла береді. Бұл мәселеде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Оның аяқталатынын дипломаттар талқылайды. Олар жаңа әлемнің қауіпсіздік құрылысын анықтап, алдыңғыға қарағанда әлдеқайда мінсіз механизмдерді әзірлеуі керек.
Олардың кейбірін қайта қарау қажет болады. Мысалы, орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы келісімшарт. Стратегиялық шабуылдау қаруы туралы келісімшарт төңірегінде де талқылау жүретіні анық. Ресейде басқа мемлекеттерден озық боп тұрған гипердыбысты қару жайы да қаралады.
Бірақ бұл келісімдердің баламасы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты құжат сипатында болмайды. Себебі енді оларды Бейжің, Дели, Берлин, Париж, Тегеран, Эр-Рияд – бірполярлы әлемнің қателіктеріне жол беруді қаламайтын кез келген мемлекеттің астанасында мұқият қаралады.
"АҚШ пен оның одақтастары капитализмнің негізгі принципі – жеке меншікке қол сұқпаушылықты жоққа шығарды. Ресейлік миллиардерлердің қомақты қаражаты бұғатталғанына қарапайым ресейліктер қатты мән беріп тұрған жоқ. Бірақ жоғарыда аталған мемлекеттер бұл мәселені бақылап отыр. Өйткені өз елдеріндегі дәулетті азаматтардың ақшасы да батыс банктерінде жатыр. Сондықтан Вашингтон, Лондон және Брюссельдің қазіргі әрекеті оларға ұнап отырған жоқ", - деп жазылған материалда.
Бір жарым апта бұрын америкалық БАҚ Сауд Арабиясы мен Қытай мұнай келісімшарттары үшін юаньмен ақы төлеу мүмкіндігін талқылап жатқанын жазды. Ал кеше Ресей енді Еуропа елдері газды рубльге сатып алатынын жария етті. Ақпанда әлем экономикасының доллардан бас тартуы орындалмастай көрінген еді, бірақ қазір бұл ақиқатқа айналып жатыр.
Еуропа алдында үлкен таңдау тұр: ол шынайы тәуелсіз болады немесе әлі мұхиттың арғы бетіне жалтақтауды жалғастыра береді. Ресейге қарсы енгізілген санкциялар қатардағы еуропалықтар үшін үлкен қиындықтар алып келді. Оның үстіне, НАТО-ның Еуропадағы бөлігі Украинаны бірауыздан қолдап отырмағаны байқалады.
Ресейдің өзін де ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Экономикалық проблемалар шұғыл шешім табуды қажет етіп отыр. Бұл өзгерістер адамзат тарихының бір бөлігіне, жаңа әлем құрылуының бастамасына айналады. Жаңа әлем үшін әрқайсысымыз жауапкершілік сезіну керекпіз, деп түйіндеді мақала авторы.
* Террористік іс-қимылы үшін БҰҰ санкциясы енгізілген ұйым.
** Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.