https://sputnik.kz/20220325/ramazan-ayy-qay-kuni-bastalady-23730872.html
Рамазан айы биыл қай күні басталады – мүфтият ақпараты
Рамазан айы биыл қай күні басталады – мүфтият ақпараты
Sputnik Қазақстан
2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T13:19+0500
2022-03-25T13:19+0500
2023-08-09T09:54+0500
қоғам
рамазан айы
https://sputnik.kz/img/1385/66/13856699_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_4db28fde829027e97fbcd05793ac46c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлады мүфтияттың ресми сайты.Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын мәлімдеді. Ал бас мүфти осы айда қайырымдылық іс-шараларын, мейлінше, көбірек атқаруға үндеді. "Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – ерекше ай. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Осы айда қайырымдылық іс-шараларды көбірек атқаруға шақырамын", - деді Тағанұлы. Осылайша, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
https://sputnik.kz/20190428/Oraza-kurma-9986003.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1385/66/13856699_91:0:2754:1997_1920x0_80_0_0_96426479da0a00df6c938c9219e301a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рамазан айы 2022 рамадан қадір түні ночь предопределения аль-кадр
рамазан айы 2022 рамадан қадір түні ночь предопределения аль-кадр
Рамазан айы биыл қай күні басталады – мүфтият ақпараты
13:19 25.03.2022 (жаңартылды: 09:54 09.08.2023) 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлады мүфтияттың
ресми сайты.
Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Ал бас мүфти осы айда қайырымдылық іс-шараларын, мейлінше, көбірек атқаруға үндеді.
"Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – ерекше ай. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Осы айда қайырымдылық іс-шараларды көбірек атқаруға шақырамын", - деді Тағанұлы.
Осылайша, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.