Қазақстанның теміржол машина жасау саласын 2022 жылы не күтіп тұр

© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZЖелезнодорожное машиностроение Казахстана
Железнодорожное машиностроение Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Компания жаңалықтары
2022 жылдың басы Қазақстан мен бүкіл әлем үшін экономикаға әсер ететін өзекті геосаяси қиыншылықтармен байланысты болды. Наразылық акциялары, сондай-ақ әлемнің күн тәртібіндегі мәселелер күрделі экономикалық ахуалға себеп болды.
Бірақ Қазақстан өнеркәсібі бұл сын-қатерге мызғымастан қарсы тұрды. Жол инфрақұрылымы және жылжымалы құраммен байланысты өнім өндірісін арттыру белсенді жүргізіліп жатыр.
© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZҚазақстанның теміржол машина жасау саласы
Железнодорожное машиностроение Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Қазақстанның теміржол машина жасау саласы
Саланың қалыпты және тұрақты дамуын қамтамасыз ету қазақстандық кәсіпорындардың, атап айтқанда, теміржол машина жасау саласының алдағы жылғы мақсаты болып отыр. Осы орайда теміржол желісін тұрақты кеңейту және инфрақұрылымды жетілдіру қарқынын да атап өткен жөн. Мысалы, 2022 жылы "Қазақстан темір жолы" Достық – Алашаңқай шекара өткелін айналып өтетін жаңа учаскенің құрылысын аяқтап, оны пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Ұзақ мерзімді болжамдар туралы айтар болсақ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ұлттық операторы жүк транзитінің тұрақты және айтарлықтай өсімін күтіп отыр. Сарапшыларының бағалауы бойынша, 2050 жылға қарай транзит 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10 есе артуы керек. Достық станциясында терминал салынды және 2023 жылға дейін оның құрылысын толық аяқтау жоспарланып отыр. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жөндеу және инфрақұрылымдық жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Бұл өз кезегінде теміржол машина жасау өнімдерін үздіксіз жеткізуді қажет етеді.

Транзиттік жүк айналымы өсімінің ықпалы

Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты жақын уақытта ел аумағы арқылы өтетін жүк айналымы айтарлықтай артады. Соның нәтижесінде көптеген компания Ресей мен Батыс арасындағы сауда-экономикалық көпірге айналатын қазақстандық бағытты белсенді пайдалана бастайды. Қытайдан ЕО елдеріне өнімдерді жеткізуді жандандыру бойынша жоспарлар да маңызды фактор болып табылады. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жылсайынғы есептеріне сәйкес, теміржол жүк айналымының тұрақты өсуі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ инфрақұрылымына түсетін жүктемені, демек, ел ішіндегі желілерді дамыту бойынша жобаларды үдету және амортизациялық шығындар үлесіндегі жүктемені де айтарлықтай арттырып отыр. Бұл рельстерді, бағыттама бұрмаларды және рельс бекітпелерінің ішкі сатып алу көлемінің ұлғаюына алып келеді. "Қазақстан темір жолы" компаниясының транзиттік мүмкіндіктерін арттыру үшін пойыз құрамының қозғалысын жеделдету қажет болады. Ал бұл бірқатар учаскедегі жол инфрақұрылымын жаңартуды, мысалы, рельс бекітпелерін, рельстерді және шпалдарды ауыстыруға себеп болады.
Саладағы артқан қажеттілікті қамтамасыз ету үшін темір жол өнеркәсібі кәсіпорындарында шығарылатын өнім түрін кеңейту жоспарланып отыр. Әлдеқайда арзан болғанымен, сапасы жағынан еш кем түспейтін өнімдерді жергілікті компаниялардан сатып алу арқылы амортизациялық шығындарды азайтуға болады. Мысалы, Екібастұзда орналасқан Railways Systems KZ бірлестігінің (теміржол кластері) құрамына кіретін "R.W.S. Binding" ЖШС-да рельс бекітпелері мен полимерлі төсемелердің жаңа түрлерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл пойыз жылдамдығын арттырып, темір жолға қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Пойыздың жылжымалы құрамының тапшылығы

Қазақстанда жүк айналымының өсуіне байланысты жылжымалы құрамға деген ішкі сұраныс та артып келеді. Forbes.kz мәліметі бойынша, жыл сайын мыңнан астам жүк вагоны жөндеуді және ауыстыруды қажет етеді. Алайда көрші елдердегі оқиғалар күтпеген факторға айналды. Regnum ұсынған дерекке сәйкес, Еуропа өңіріндегі оқиғалар басталғаннан кейін ресейлік және беларусь вагондарының едәуір бөлігі логистикалық тасымалдауда пайдалану үшін бұғатталды.
Бұғаттаудан кейін туындаған қосымша өндіріске деген қажеттілік компаниялар үшін ресейлік және беларусь өндірістік қуаттары уақытында және тиімді бағаны сақтап жаба алмайтын жоспардан тыс шығынға айналды. Осы сәтте қазақстандық нарықтағы қосымша сатып алулар мүмкіндігі әлдеқайда тиімді және логистика тұрғысынан қолайлы шешім болып отыр.
Зауыттарды автоматтандыру және оңтайлы бағаны сақтау арқылы өнімділікті тез арттыру қабілеті маңызды рөл ойнайды. Қазақстанда шетелдік көлік компаниялары үшін сенімді серіктес бола алатын мұндай кәсіпорындар қауымдастығы құрылып та қойды.
© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZҚазақстанның теміржол машина жасау саласы
Железнодорожное машиностроение Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Қазақстанның теміржол машина жасау саласы
Алайда жылжымалы құрамды тұрақты жаңарту бойынша негізгі қажеттілік сол күйі сақталып отыр. "1520" кеңістігіне кіретін мемлекеттердің теміржол көлік жүйесін дамыту келешегіне жүргізілген талдау тасымалдау көлемі өзгеріссіз өсетінін көрсетіп тұр. Ал бұл жылжымалы құрамның тозуына, вагон мен локомотив санының артуына алып келеді. Сондықтан теміржол белдіктері мен дөңгелек жұптарының жүктемесі артады. Railways Systems KZ сарапшыларының бағалауы бойынша, "1520" кеңістігі елдеріндегі жүк вагондарына арналған белдіктерді жылдық тұтыну қарқынды өсіп, жоғары сұранысты қамтамасыз етеді.
Railways Systems KZ қауымдастығы өз құрамына кіретін "R.W.S. Wheelset" ЖШС-ның ауқымды өндірістік қуаты есебінен Қазақстанның белдіктерге деген ішкі сұранысын толығымен жауып отыр. Бүгінде Railways Systems KZ салалық өнімнің жетекші экспорттаушысы болып отыр: 2021 жылы кәсіпорын көрші елдердің нарығына арналған жаңа жобаларды жүзеге асырды және сатылым географиясын одан әрі кеңейтуды көздеп отыр. Қауымдастықтың тағы бір кәсіпорны – "ПРОММАШ.KZ" ЖШС – ұлттық тұтынушының талаптарына толығымен сәйкес келеді және шетелдік нарыққа шығуға дайын.

Даму келешегі қандай

Алдағы 10 жылда жоспарланған қайта жабдықтау және цифрлық трансформация технологияларын енгізу саланы кеден одағы елдері мен шығыс Еуропа нарығында бәсекеге қабілетті етеді. Бұл Қазақстанның осы салада ЕАЭО елдері арасында көшбасшы болуы үшін таптырмас мүмкіндік.
"Проммашкомплект" ЖШС жетекші өндіруші болып саналатын теміржол дөңгелектері нарығындағы жағдай да Қазақстан үшін перспективалы болып отыр. Кәсіпорын қазіргі жағдайда дөңгелек өнімдерінің тапшылығы бар ішкі де, сыртқы да нарыққа бейімделеді.
"Проммашкомплект" ЖШС 300 мыңға дейін теміржол дөңгелегін шығарады. 2022 жылы біз еуропалық теміржолдар үшін, сондай-ақ Үндістан мен Бангладешке дөңгелектер дайындау бойынша тапсырыс ала бастадық. Диаметрі 957 миллиметр болатын қалыпты дөңгелектерден экспорттық тапсырыстар күпшек пен дискідегі технологиялық саңылаулардың, дөңгелек жұбына аспа жабдықты бекітуге арналған арнайы элементтердің болуымен ерекшеленеді", - дейді "Проммашкомплект" ЖШС негізін қалаушы және даму жөніндегі директор Сергей Павлингер.
Қауымдастықтың басқа да кәсіпорындары экспорттық жеткізулерді дамытуға талпынып жатыр. Қазіргі уақытта "R.W.S. Binding" ЖШС ТМД елдеріндегі іскерлік әріптестерімен ынтымақтастықты талқылап жатыр. Ал "R.W.S. Concrete" ЖШС ғылыми институттар, сертификаттау органдары және инфрақұрылым иелерімен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Сын-қатер мен мүмкіндіктер қатынасы

2021 жылы 239 миллиард тонна-километрге жеткен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жүк айналымының тұрақты өсуі және инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі Қазақстанның темір жол машина жасау саласына ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, белсенді түрде алға жылжуға мүмкіндік береді. Оған Қазақстанда және одан тыс аймақтағы жылжымалы құрам тапшылығы (жылына кемінде 4,5 мың жүк вагоны жөндеуден өтеді) да әсер етіп отыр.
Екінші жағынан, әлемде болып жатқан өзгерістер қазақстандық өндірушілер үшін өз өнімдерін сыртқы нарықта сатуға бірқатар жаңа мүмкіндік ашып отыр. Бұл ұзақ мерзімді келешекке оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік береді және жақын болашақта көлемі осы кезеңдегі сын-тәуекелдер мен қиындықтардан туындайтын шығындармен тең болатын табыс көруге де мүмкіндік беруі ықтимал.
Материал коммерциялық негізде жарияланды
Жаңалықтар
0