https://sputnik.kz/20220325/qazaqstan-aes-salady-23727746.html
Қазақстанда АЭС-ты кім салуы мүмкін - министр болжамы
Қазақстанда АЭС-ты кім салуы мүмкін - министр болжамы
Sputnik Қазақстан
Министрдің сөзіне қарағанда, атом электр станциясы орналасатын жерді анықтау сынды шараларпға, кем дегенде, бір-екі жылдай кетеді 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T11:39+0500
2022-03-25T11:39+0500
2022-03-25T11:40+0500
экономика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_0:176:3019:1874_1920x0_80_0_0_2af94dcf586ce55e3fa035544af91e6a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатыса алатын мемлекеттерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде журналистер атом электр станциясының құрылысына қатысатын компаниялар туралы сұрады. Министрдің айтуынша, құрылысқа қатысты келіссөз әлі басталған жоқ. Өйткені алдымен станция салынатын жерді анықтау қажет. Бұдан бөлек, ауқымды зерттеу жұмыстарын атқару керек. Дегенмен, Ақшолақов атом саласындағы жетекші мемлекеттерді атап өтті. "Әсіресе, Францияда жақсы дамыған. Бұдан бөлек, Жапония мен АҚШ-тың бірлескен кәсіпорны бар. Оңтүстік Корея, Қытайдың өзі жақсы дамытып жатыр. Дегенмен, біз ол мәселені (атом электр станциясын кімнің салатынын - Sputnik) әлі қараған жоқпыз. Қазіргі мәселе - АЭС орналасатын жері. Осыны анықтауымыз керек. Су жағын қарап, жер сілкінісі болмайтын жерді таңдауымыз қажет", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Ол Росатоммен рәсімделген келісімшарттың негізгі мақсатына да тоқталды."Меморандум тек маман даярлауды ғана көздейді. Өйткені бізде, өкінішке қарай, ондай мамандарды даярлайтын оқу орны жоқ. Ал атом электр станциясын салатын болсақ, ол жерде жұмыс істейтін адамдар қажет болады. Мысалы, бір станцияға екі мыңдай қызметкер керек. Соның ішінде жұмысшылар ғана емес, кәсіби мамандар да бар. Оларды төрт-бес жылдай дайындау қажет. Одан кейін тәжірибеден өтуі керек", - деп атап көрсетті Ақшолақов. Министрдің сөзіне қарағанда, атом электр станциясы орналасатын жерді анықтау, оны зерделеу және тағы басқа шараларға, кем дегенде, бір-екі жылдай кетеді. Содан кейін ғана нақты бір технология және оны жеткізетін компания таңдалады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_4c3afcc94b77b8c1b69df2fdc54e50ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанда АЭС-ты кім салуы мүмкін - министр болжамы
11:39 25.03.2022 (жаңартылды: 11:40 25.03.2022) Министрдің сөзіне қарағанда, атом электр станциясы орналасатын жерді анықтау сынды шараларпға, кем дегенде, бір-екі жылдай кетеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатыса алатын мемлекеттерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде журналистер атом электр станциясының құрылысына қатысатын компаниялар туралы сұрады. Министрдің айтуынша, құрылысқа қатысты келіссөз әлі басталған жоқ. Өйткені алдымен станция салынатын жерді анықтау қажет. Бұдан бөлек, ауқымды зерттеу жұмыстарын атқару керек. Дегенмен, Ақшолақов атом саласындағы жетекші мемлекеттерді атап өтті.
"Әсіресе, Францияда жақсы дамыған. Бұдан бөлек, Жапония мен АҚШ-тың бірлескен кәсіпорны бар. Оңтүстік Корея, Қытайдың өзі жақсы дамытып жатыр. Дегенмен, біз ол мәселені (атом электр станциясын кімнің салатынын -
Sputnik) әлі қараған жоқпыз. Қазіргі мәселе - АЭС орналасатын жері. Осыны анықтауымыз керек. Су жағын қарап, жер сілкінісі болмайтын жерді таңдауымыз қажет", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Ол Росатоммен рәсімделген келісімшарттың негізгі мақсатына да тоқталды.
"Меморандум тек маман даярлауды ғана көздейді. Өйткені бізде, өкінішке қарай, ондай мамандарды даярлайтын оқу орны жоқ. Ал атом электр станциясын салатын болсақ, ол жерде жұмыс істейтін адамдар қажет болады. Мысалы, бір станцияға екі мыңдай қызметкер керек. Соның ішінде жұмысшылар ғана емес, кәсіби мамандар да бар. Оларды төрт-бес жылдай дайындау қажет. Одан кейін тәжірибеден өтуі керек", - деп атап көрсетті Ақшолақов.
Министрдің сөзіне қарағанда, атом электр станциясы орналасатын жерді анықтау, оны зерделеу және тағы басқа шараларға, кем дегенде, бір-екі жылдай кетеді. Содан кейін ғана нақты бір технология және оны жеткізетін компания таңдалады.