https://sputnik.kz/20220325/qaskelen-turgyndary-akimdik-23720649.html
Қаскелең тұрғындары әкімдіктің алдында жиналды
Қаскелең тұрғындары әкімдіктің алдында жиналды
Sputnik Қазақстан
Жергілікті биліктен әбден күдер үзген халық бұл мәселе президенттің құлағына шалынса деп отыр 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T08:31+0500
2022-03-25T08:31+0500
2022-03-25T08:38+0500
өңірлер
қаскелең
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23720291_45:0:758:401_1920x0_80_0_0_8c6046891703e4fdd8a0c0a83b22e6cf.png
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қаскелең қаласының тұрғындары әкімдіктің алдында жиналып, жолды жөндеуді талап етті. Ауа райы бұзылса, мұндағы жолдар тіптен езіліп, жаяу адам түгіл көлікпен жүру мүмкін емес, деп хабарлайды КТК арнасы. Халықтың толарсақтан саз кешіп жүргеніне 5-6 жыл болған. Әкімдіктің құрғақ уәдесіне тойған адамдар осы уақытқа дейін өздері жолға құм төсеп, амалын тауып жүрген. Аяққа целлофан да киіп көрген. Бірақ бұл жолы халықтың шыдамы таусылған. Ал Дәулет Мәткерімұлы балалардың мектепке барып-келуі қиындап кеткенін айтты. Аяғына пакет киіп жүреді. "Өткен кездесуде біз одан көмек сұрағанда мысқылдап, күлкіге айналдырды. "Жүріңіз, біздің жағдайды көріңіз" деген кезде "ет асулы тұр ма? " деді. Әкім Асқар Мұқашевтың айтқанын адамдардың барлығы өз құлағымен естіді. Бұл енді масқара, сұмдық!", - деді Мәткерімұлы.Шулаған халықтың назын естуге шенділер де шықты. Алайда олар әдеттегідей уәде берумен ғана шектеліп қалды. Жолға жауаптылар Бөктер, Мамыр көшелерінің күйін білсе де, жөндеу жобасын әлі әзірлемеген көрінеді."Біз былтыр да ол жаққа тексеру жасағанбыз. Ол көшені білеміз. Жолды жасауда бірінші жоба керек. Жоба жасау алдында құжат дайындап өтініш береміз. Жобалық-сметалық құжат жасалғаннан кейін барып жөндеу жұмысына қаражатқа тапсырыс береміз", - деп атап көрсетті Қарасай ауданы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақамбаев. Тізеден келген тін батпақты өз көзімен көруге шақырғандарға: "Етің асулы тұр ма? " деген қала әкімі де шулаған жұрттың алдына келді. Шенеунік бір аптаның ішінде шұрық жолдарды бітеп, шамдарды да орнатып береміз дейді. Алайда тұрғындар әкімдіктің сылдыр сөзіне сенуден қалған. Жергілікті биліктен әбден күдер үзген халық бұл мәселе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына шалынса деп отыр.
қаскелең
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23720291_134:0:669:401_1920x0_80_0_0_d7ca2964b5ed5a3b5e5f166aac928fcb.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаскелең, әкімдік
Қаскелең тұрғындары әкімдіктің алдында жиналды
08:31 25.03.2022 (жаңартылды: 08:38 25.03.2022) Жергілікті биліктен әбден күдер үзген халық бұл мәселе президенттің құлағына шалынса деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қаскелең қаласының тұрғындары әкімдіктің алдында жиналып, жолды жөндеуді талап етті. Ауа райы бұзылса, мұндағы жолдар тіптен езіліп, жаяу адам түгіл көлікпен жүру мүмкін емес, деп хабарлайды
КТК арнасы.
Халықтың толарсақтан саз кешіп жүргеніне 5-6 жыл болған. Әкімдіктің құрғақ уәдесіне тойған адамдар осы уақытқа дейін өздері жолға құм төсеп, амалын тауып жүрген. Аяққа целлофан да киіп көрген. Бірақ бұл жолы халықтың шыдамы таусылған.
"Жолда жүру мүмкін емес. Көліктің асты жолға тиеді. Жаяу адамдар мүлдем өте алмайды", - дейді қала тұрғынды Әлібек Тойғанбаев.
Ал Дәулет Мәткерімұлы балалардың мектепке барып-келуі қиындап кеткенін айтты. Аяғына пакет киіп жүреді.
"Өткен кездесуде біз одан көмек сұрағанда мысқылдап, күлкіге айналдырды. "Жүріңіз, біздің жағдайды көріңіз" деген кезде "ет асулы тұр ма? " деді. Әкім Асқар Мұқашевтың айтқанын адамдардың барлығы өз құлағымен естіді. Бұл енді масқара, сұмдық!", - деді Мәткерімұлы.
Шулаған халықтың назын естуге шенділер де шықты. Алайда олар әдеттегідей уәде берумен ғана шектеліп қалды. Жолға жауаптылар Бөктер, Мамыр көшелерінің күйін білсе де, жөндеу жобасын әлі әзірлемеген көрінеді.
"Біз былтыр да ол жаққа тексеру жасағанбыз. Ол көшені білеміз. Жолды жасауда бірінші жоба керек. Жоба жасау алдында құжат дайындап өтініш береміз. Жобалық-сметалық құжат жасалғаннан кейін барып жөндеу жұмысына қаражатқа тапсырыс береміз", - деп атап көрсетті Қарасай ауданы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақамбаев.
Тізеден келген тін батпақты өз көзімен көруге шақырғандарға: "Етің асулы тұр ма? " деген қала әкімі де шулаған жұрттың алдына келді. Шенеунік бір аптаның ішінде шұрық жолдарды бітеп, шамдарды да орнатып береміз дейді.
"Қиыршық тас төсеп бастағанбыз. Енді мейрамнан кейін қалған жұмысты жалғастырамыз. Балшық пен шалшық су болмайды. Тұрғындармен жиі-жиі кездесіп тұрамыз", - дейді қала әкімі Асқар Мұқашев.
Алайда тұрғындар әкімдіктің сылдыр сөзіне сенуден қалған. Жергілікті биліктен әбден күдер үзген халық бұл мәселе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына шалынса деп отыр.