Саясат

Президент кеңесшісін қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Әкімжанова жаңа қызметке тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әкімжанова Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп жазды Ақорда.
Ол президент кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Әкімжанова жайлы не белгілі

Маржан Әкімжанова 1971 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.
© Официальный сайт Президента КазахстанаМаржан Әкімжанова
Маржан Акимжанова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Маржан Әкімжанова
Ғылым Академиясының механика және машинатану институтында лаборант, шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы (1991-1993) болып жұмыс істеді.
Жоғарғы Кеңестің редакциялық-баспа бөлімінің қызметкері (1993-1995);
Министрлер кабинеті аппаратының Ішкі саясат бөлімінің маманы (1995);
Үкімет аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы (1995-1997) болды.
Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісіне дейінгі еңбек жолын өтті (1997-2012).
2012 жылдан 2021 жылға дейін Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдың 4 ақпанынан бастап Президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Жаңалықтар
0