Қоғам

Кәсіпкер "ҚТЖ" компаниясынан 57 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Ұрланған ақша толығымен мемлекетке қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қарағандыда жұмыс көлемін арттыру арқылы "Қазақстан темір жолы" компаниясынан 57 миллион теңге жымқырған "ЖилОтделСтрой" ЖШС басшысы сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, А.Б. Құдайқұлов 2015-2019 жылдары Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған.
Осы аралықта кәсіпкер жұмыс көлемін арттыру арқылы "ҚТЖ" ұлттық компаниясынан 57 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған.
"Жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде шығын бюджетке толығымен қайтарылды", - делінген хабарлады.
Сот үкімімен Құдайқұлов шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0