Мәдениет

Димаш Дубайда жүлделі болды

© Photo : Facebook / Dimash Qudaibergen / Димаш КудайбергенДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Димаштың әжесі марапатты табыстау сәтіне қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Үздік халықаралық жұлдыз" номинациясы бойынша Emigala Awards жүлдесін алды.
Әнші жүлдені әжесіне арнады.
Қуанышты жаңалықты Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Кеше Дубайда жыл сайынғы EMIGALA AWARDS рәсімі өтті. Мен "Үздік халықаралық жұлдыз" сыйлығына ие болдым. Осы марапаттың барлық ұйымдастырушыларына рақмет. Бүгін менің Coca-cola arenaда өтетін концертімде кездескенше!", - деп жазды ол.
Димаштың әжесі марапатты табыстау сәтіне қатысты. Әнші көрермендердің көзінше оны әжесіне арнап, сахнаға шақырды.
Димаш Біріккен Араб Әмірліктеріне 23 наурызда ұшып келді. Оны жанкүйерлер әуежайдан жылы қарсы алды.
Димаштың концерті Дубайда 25 наурызда өтеді.
Жаңалықтар
0