https://sputnik.kz/20220325/balqash-turgyndary-ulytau-oblysy-23721259.html
Балқаш тұрғындары Ұлытау облысына қосылуға қарсы
Балқаш тұрғындары Ұлытау облысына қосылуға қарсы
Sputnik Қазақстан
400 шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр, дейді тұрғындар 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T09:16+0500
2022-03-25T09:16+0500
2022-03-25T09:16+0500
өңірлер
балқаш
облыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849365_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_3558cef6152c3351deb726e5a2b48388.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Балқаш қаласының тұрғындары жаңадан құрылатын Ұлытау облысына қосылуға қарсылық білдірді.Балқаштықтар Кеңестер кезіндегі Жезқазған облысының аумағы сол қалпында қайта рәсімделсе, облыс орталығы алыстап кетеді дейді. 400 шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр. Оған қоса, Қарағанды мен арадағы автобан құрылысы да аяқталып қалған. Жұрт орталыққа жақсы жолмен жайлы жетуді көп жыл бойы армандаған. Ал жергілікті билік халықтың бұл тілегін карта сызатындарға жеткіземіз дейді, деп хабарлады КТК арнасы.Ал Ағадыр кентінің тұрғындары елді мекенге бұрынғы аудан орталығының мәртебесін қайтарып беруді сұрап, президентке үндеу жолдады. "Кезінде аудан болып тұрғандағы ғимараттың барлығы қазір толығымен жұмыс істеп тұр. Ешқайсысы бүлінген емес, бүлінгені қалпына келтірілді. Сондықтан қаражат жұмсап, еліміз қатты қиналмайды. Ағадырға қайтадан аудан статусын қайтарып берсеңіздер дейміз. Біз халық болып соны сұраймыз", - дейді олар. Ағадыр кенті 1997 жылы аудан статусынан айырылып, Шет ауданының құрамына кірген. Бұрынғы ауданда 23 мыңнан аса тұрғын бар. Он теміржол бекеті, бес ауыл мен екі өндіріс орны жұмыс істейді. Тұрғындардың айтуынша, инфроқұрылымы мықты, темір жолдың ірі торабы орналасқан кент аудан орталығы болуға әбден лайық.Жаңа облыстарЕске сала кетсек, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады. Сондай-ақ Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлініп, екі облыс болмақ.
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15849365_526:0:2775:1687_1920x0_80_0_0_acf907287582293c17a2f743c1241fe5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, облыс
Балқаш тұрғындары Ұлытау облысына қосылуға қарсы
400 шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр, дейді тұрғындар
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Балқаш қаласының тұрғындары жаңадан құрылатын Ұлытау облысына қосылуға қарсылық білдірді.
Балқаштықтар Кеңестер кезіндегі Жезқазған облысының аумағы сол қалпында қайта рәсімделсе, облыс орталығы алыстап кетеді дейді. 400 шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр. Оған қоса, Қарағанды мен арадағы автобан құрылысы да аяқталып қалған. Жұрт орталыққа жақсы жолмен жайлы жетуді көп жыл бойы армандаған. Ал жергілікті билік халықтың бұл тілегін карта сызатындарға жеткіземіз дейді, деп хабарлады
КТК арнасы.
"Экономикалық жағдайын айтпағанда Балқаш қаласының қариялары, мүмкіндігі шектеулі жандардың емделуге, ем-шараға баруына жолдың ұзақтығы қиындық тудырары сөзсіз. Сондықтан да біз, балқаштықтар, Ұлытау облысына қосылуға қарсымыз", - дейді Балқаш қаласының тұрғыны Нұрдос Кәрім.
Ал Ағадыр кентінің тұрғындары елді мекенге бұрынғы аудан орталығының мәртебесін қайтарып беруді сұрап, президентке үндеу жолдады.
"Кезінде аудан болып тұрғандағы ғимараттың барлығы қазір толығымен жұмыс істеп тұр. Ешқайсысы бүлінген емес, бүлінгені қалпына келтірілді. Сондықтан қаражат жұмсап, еліміз қатты қиналмайды. Ағадырға қайтадан аудан статусын қайтарып берсеңіздер дейміз. Біз халық болып соны сұраймыз", - дейді олар.
Ағадыр кенті 1997 жылы аудан статусынан айырылып, Шет ауданының құрамына кірген. Бұрынғы ауданда 23 мыңнан аса тұрғын бар. Он теміржол бекеті, бес ауыл мен екі өндіріс орны жұмыс істейді. Тұрғындардың айтуынша, инфроқұрылымы мықты, темір жолдың ірі торабы орналасқан кент аудан орталығы болуға әбден лайық.
Еске сала кетсек, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады. Сондай-ақ Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлініп, екі облыс болмақ.