Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерін "Құрмет" орденімен марапаттады

© Sputnik / Елена БережнаяАлександр Герлиц
Александр Герлиц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
XIII қысқы Паралимпиада ойындарындағы спорттық жетістіктері үшін жаттықтырушыларға да марапат табыс етілді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградамен марапаттады.
Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен наградталды:
Герлиц Александр Александрович – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ спортшыcы
Жданович Антон Владимирович – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ аға жаттықтырушысы
Коломиец Василий Сергеевич – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ бас жаттықтырушысы.
XIII Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылы 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтті, оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Бір қола медальмен Қазақстан құрамасы 17-орыннан көрінді.
Жаңалықтар
0