Қоғам

Тоқаев Елтаңба авторын 80 жасқа толуымен құттықтады

© Photo : Facebook (запрещен в РФ)/Berik UaliТоқаев Елтаңба авторын 80 жасқа толуымен құттықтады
Тоқаев Елтаңба авторын 80 жасқа толуымен құттықтады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Наурыз мейрамы қарсаңында президент Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады.
Биыл – Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін мемлекеттік Елтаңбаның авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.
Президент Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.
"Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.
Айта кетері, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Қоғам
Тоқаев Наурыз қарсаңында бірқатар адамды мемлекеттік наградамен марапаттады - тізім
Жандарбек Мәлібекұлы 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келді.
Ташкент политехника институтының сәулет өнері факультетін тәмамдады.
Жандарбек Мәлібекұлы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жобасының конкурсына 50 жасында қатысқан. Ол кезде рәміз авторы Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болған.
Жаңалықтар
0