Экономика

Теңге бағамы нығайды

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративное фото
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,87 теңгеге төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,87 теңгеге төмендеп, 501,49 теңге болды.
Айта кетері, Ұлттық банк бекіткен 19-24 наурыздағы теңге бағамы – 505,22 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа 500 теңгеден сатып алынып, 505,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валюта орта есеппен 500 теңгеден сатып алынып, 506 теңгеден сатылуда.
Жаңалықтар
0