Қоғам

Шымкентте қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Қаржы пирамидасын кім ұйымдастырғаны белгілі
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Шымкентте "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған кезекті қаржы пирамидасы анықталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.
Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты "қамауда ұстау" түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін Қылмыстық кодекстің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ҚМ агенттігі азаматтардан жинаған ақшасын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға кеңес берді.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Экономика
Қарағанды мен Теміртауда 70 млн теңге пайда тапқан қаржы пирамидасы анықталды
Бұған дейін GАР кооперативі ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы Қостанайда анықталған еді. Кооператив жеке тұлғалардан 30 мыңнан 480 мың теңгеге дейін ақша тартқан.
Кооператив сайтында ипотекаға пәтер алу, көлік ұтысы, Қазақстанның туристік аймақтарына саяхаттау мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланған. Сондай-ақ косметикадан бастап құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерге дейін түрлі тауар сатып алу ұсынылады.
Сайт мәліметіне сәйкес, GAP тұтынушылық кооперативінің филиалдары Қазақстанның басқа да ірі қалаларында жұмыс істеген.
Жаңалықтар
0