https://sputnik.kz/20220324/qazaqstan-zhana-oblystar-algoritm-23716265.html
Елде жаңа облыстарды құру алгоритмі әзірленді
Елде жаңа облыстарды құру алгоритмі әзірленді
Sputnik Қазақстан
Ұлттық экономика министрі президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T19:49+0500
2022-03-24T19:49+0500
2022-03-24T20:19+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
ұлттық экономика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23715088_206:0:2099:1065_1920x0_80_0_0_63d9a87e7895d76c800b4ef167299139.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеген болатын.Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы атқаратын негізгі міндеттері, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді.Әлібек Қуантыров президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23715088_442:0:1862:1065_1920x0_80_0_0_eefb53ea958727e17b384162ad4e5bcd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ұлттық экономика министрлігі
қасым-жомарт тоқаев, ұлттық экономика министрлігі
Елде жаңа облыстарды құру алгоритмі әзірленді
19:49 24.03.2022 (жаңартылды: 20:19 24.03.2022) Ұлттық экономика министрі президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеген болатын.
"Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы атқаратын негізгі міндеттері, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді.
Әлібек Қуантыров президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.