Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел болып шықты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Былтыр Қазақстаннан озып кеткен Өзбекстан 53-орынға тұрақтады
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан ең бақытты елдер рейтингісінде бес сатыға көтеріліп, 40-орыннан көрінді. Ал ТМД-да бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан World Happiness Report сайтына сілтеме жасап.
Бұл рейтинг 2019-2021 жылдары жүргізілген сауалнама негізінде жасалды. Оған әлем бойынша 9 миллионнан астам адам қатысқан.
Осы жолы да ең бақыты елдер тізімін Финляндия бастап тұр. Үздік ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия енді.
АҚШ 16-орыннан көрінсе, Қытай 72-ші болып тұр. Ұлыбритания – 17, Біріккен Араб Әмірліктері – 24, ал Сауд Арабиясы 25 орынға ие болды.
Қазақстан бір жылдың ішінде бес сатыға көтеріліп, 40-орынға шықты. Осылайша ТМД аумағында ең бақытты ел болып танылды. Былтыр Қазақстаннан озып кеткен Өзбекстан осы жолы 53-орынға тұрақтады. Молдова – 62, Қырғызстан – 64, Беларусь – 65, Ресей – 80, Армения – 82, Тәжікстан – 83, ал Әзербайжан 92-ші орынға жайғасты. Ауғанстан тізімнің ең соңында тұр.
Жаңалықтар
0