Қазақстанның қай облыстарында жол жабық
© Photo : "КазАвтоЖол"Боран
© Photo : "КазАвтоЖол"
Жазылу
Республиканың бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабық
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар бірқатар тас жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда:
Ақмола облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы мен Державинск қаласы аралығы.
Павлодар облысы бойынша
"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті мен Ақмола облысы шекарасы аралығы;
"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" а/ж 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы.
Қарағанды облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы.
Қостанай облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы;
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.
ИИДМ ақпаратынша, қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс жүргізілуде. Қазавтожолдың 1090 бірлік қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкері жұмылдырылды.
Соңғы бес күн ішінде Қазавтожол қызметкерлері 100-ден астам көлікке көмек көрсетті. Олардың 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы жылыту пунктеріне орналастырылды.