https://sputnik.kz/20220324/qazaqstan-gollivudtyq-filmder-dublyazh-23712622.html
Қазақстанда голливудтық фильмдерге дубляж жасала ма
Қазақстанда голливудтық фильмдерге дубляж жасала ма
Sputnik Қазақстан
Отандық студиялар шетелдік фильмдерді қазақ және орыс тілдеріне аударуға толығымен дайынбыз деп отыр 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T16:49+0500
2022-03-24T16:49+0500
2022-03-24T16:51+0500
мәдениет
фильм
https://sputnik.kz/img/283/15/2831537_0:288:3129:2048_1920x0_80_0_0_387bdc07beaec6b9a871ddd34cafaaee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Голливуд кинокомпаниялары Ресей нарығынан шыққаннан кейін шетелдік фильмдерді Қазақстанда дубляждауға бола ма деген сұрақ туды. Отандық студиялар кинотуындыларды қазақ және орыс тілдеріне аударуға дайын екенін мәлімдеді."Қазақфильм" баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне киностудияның дубляж бөлімі бар екенін айтты. Ол жерде тәжірибесі мол кәсіби мамандар жұмыс істейді."Бізде қазақ және орыс тілдерінде дубляж бен субтитр жасауға қажеттінің бәрі бар", - деп мәлімдеді "Қазақфильм" баспасөз қызметі.Sputnik Қазақстан тілшісі Aray Media Group продакшн-студиясына да хабарласты. Олар бұған дейін "Звездные войны: Пробуждение силы" және "Изгой один: Звездные войны. Истории" фильмдерін қазақша дубляждаған.Aray Media Group продюсері Айгүл Байбек студияның шетелдік фильмдерге қазақша дубляж жасауда көп жылдық тәжірибесі бар екенін атап өтті. Студия Disney және Sony Pictures Entertainment аккредитациясын алып қойған."Жұмыс істеген жылдарда біз көптеген маманды оқыттық, Disney басшылығымен жұмыс істедік. Оның үстіне кез келген актер дубляжда ойнай алмайды, бұл бөлек специфика. Сондай-ақ арнайы жабдық қажет, қазір ол кейбірінде ғана бар. Осыған қарамастан, біз осы жерде дыбыстаймыз, ал дубляжды "картинамен" сәйкестендіруді бізге Лондонда жасап берді", - дейді Айгүл Байбекова.Студия фильмдерді қазақ және орыс тілдерінде дубляждауға дайын. Мамандар, жабдық және тәжірибе бар, деді ол Sputnik Қазақстанға.Оның айтуынша, Қазақстанда шетелдік фильмдерге дубляж жасай алатын басқа да студиялар бар. Қазір бастысы шетелдік киностудиялармен келісіп, дыбыстауға жарайтын актерлерді табу."Орыс тілінде дубляж жасауға қатысты айтар болсам, біздің студия барлық қажетті технологиямен жабдықталған. Бұл дубляж бойынша жетекші әлемдік стандарттарға сай өндірістік қызметтердің толық циклін жүргізуге мүмкіндік береді. Егер мұндай қажеттілік болса, біз жасауға дайынбыз", - деді продюсер.Kinopark және Kinoplex желісінің қожайыны әрі директоры Алмаз Малдыбаев биыл сәуір-мамыр айларында қазақстандықтар "Морбиус" және "Доктор Стрендж: Мультивселенная безумия" фильмдерін үлкен экраннан тамашалай алатынын мәлімдеді.Бұған дейін "Қазақфильм" президенті Ақан Сатаев студия Қазақстанда дубляж бен субтитр жасау үшін шетелдік киностудиялармен келіссөз жүргізетінін айтты."Титр мен жергілікті дубляж үшін Голливудтен Қазақстанға өз фильмдерінің түпнұсқасын беруді сұраймыз. Біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін", - деп жазды Ақан Сатаев.Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік киностудиялармен келіссөз басталғанын хабарлады. Ведомство алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Қазақстандықтар жаңа фильмдерді көру мүмкіндігінен айырылмайды.Голливудтың үш студиясы – Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures – бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынады. Отандық кино прокаттаушылар министрліктің қатысуымен Walt Disney Company және Sony компанияларымен тікелей келіссөз жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20220324/birinshi-sauirden-bastap-kinoteatrlar-zhabylmaydy-23708396.html
https://sputnik.kz/20220216/abaev-ozin-ozi-aqtagan-filmderdin-sanyn-aytudan-bas-tartty-22836897.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/15/2831537_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_606fd9e9fa52b454c75a723096b637f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фильм
Қазақстанда голливудтық фильмдерге дубляж жасала ма
16:49 24.03.2022 (жаңартылды: 16:51 24.03.2022) Отандық студиялар шетелдік фильмдерді қазақ және орыс тілдеріне аударуға толығымен дайынбыз деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Голливуд кинокомпаниялары Ресей нарығынан шыққаннан кейін шетелдік фильмдерді Қазақстанда дубляждауға бола ма деген сұрақ туды. Отандық студиялар кинотуындыларды қазақ және орыс тілдеріне аударуға дайын екенін мәлімдеді.
"Қазақфильм" баспасөз қызметі
Sputnik Қазақстан тілшісіне киностудияның дубляж бөлімі бар екенін айтты. Ол жерде тәжірибесі мол кәсіби мамандар жұмыс істейді.
"Бізде қазақ және орыс тілдерінде дубляж бен субтитр жасауға қажеттінің бәрі бар", - деп мәлімдеді "Қазақфильм" баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан тілшісі Aray Media Group продакшн-студиясына да хабарласты. Олар бұған дейін "Звездные войны: Пробуждение силы" және "Изгой один: Звездные войны. Истории" фильмдерін қазақша дубляждаған.
Aray Media Group продюсері Айгүл Байбек студияның шетелдік фильмдерге қазақша дубляж жасауда көп жылдық тәжірибесі бар екенін атап өтті. Студия Disney және Sony Pictures Entertainment аккредитациясын алып қойған.
"Жұмыс істеген жылдарда біз көптеген маманды оқыттық, Disney басшылығымен жұмыс істедік. Оның үстіне кез келген актер дубляжда ойнай алмайды, бұл бөлек специфика. Сондай-ақ арнайы жабдық қажет, қазір ол кейбірінде ғана бар. Осыған қарамастан, біз осы жерде дыбыстаймыз, ал дубляжды "картинамен" сәйкестендіруді бізге Лондонда жасап берді", - дейді Айгүл Байбекова.
Студия фильмдерді қазақ және орыс тілдерінде дубляждауға дайын. Мамандар, жабдық және тәжірибе бар, деді ол
Sputnik Қазақстанға.Оның айтуынша, Қазақстанда шетелдік фильмдерге дубляж жасай алатын басқа да студиялар бар. Қазір бастысы шетелдік киностудиялармен келісіп, дыбыстауға жарайтын актерлерді табу.
"Орыс тілінде дубляж жасауға қатысты айтар болсам, біздің студия барлық қажетті технологиямен жабдықталған. Бұл дубляж бойынша жетекші әлемдік стандарттарға сай өндірістік қызметтердің толық циклін жүргізуге мүмкіндік береді. Егер мұндай қажеттілік болса, біз жасауға дайынбыз", - деді продюсер.
Kinopark және Kinoplex желісінің қожайыны әрі директоры Алмаз Малдыбаев биыл сәуір-мамыр айларында қазақстандықтар "Морбиус" және "Доктор Стрендж: Мультивселенная безумия" фильмдерін үлкен экраннан тамашалай алатынын мәлімдеді.
Бұған дейін "Қазақфильм" президенті Ақан Сатаев студия Қазақстанда дубляж бен субтитр жасау үшін шетелдік киностудиялармен келіссөз жүргізетінін айтты.
"Титр мен жергілікті дубляж үшін Голливудтен Қазақстанға өз фильмдерінің түпнұсқасын беруді сұраймыз. Біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін", - деп жазды Ақан Сатаев.
Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік киностудиялармен келіссөз басталғанын хабарлады. Ведомство алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Қазақстандықтар жаңа фильмдерді көру мүмкіндігінен айырылмайды.
Голливудтың үш студиясы – Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures – бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынады. Отандық кино прокаттаушылар министрліктің қатысуымен Walt Disney Company және Sony компанияларымен тікелей келіссөз жүргізіп жатыр.