Денсаулық

Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады

© Sputnik / Болат ШайхиновДәрі, ақша
Дәрі, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Бұл тыйым жеке пайдалануға сатып алынған препараттарға қатысты емес
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағынан дәрілік препаттарды шығаруға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
"Кез келген формадағы дәрілік заттарды, соның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне қажетті материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады", - делінген құжатта.
Тыйымның мына тауарларға қатысы жоқ:
Қазақстан аумағынан тыс басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен тасымалданатын тауарлар;
пациенттердің тапсырысымен тек жеке пайдалану мақсатында дайындалған медициналық бұйымдар;
шет елдерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жөнелтілген тауарлар;
бөлшек сауда аясында жеке пайдалану мақсатында әкелінген және сатып алынған тауарлар;
МӘМС жүйесі бойынша немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
көрме өткізу үшін одан әрі сату құқығынсыз көрмеге қойылатын дәрілер мен медициналық бұйымдар үлгісі;
клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер немесе сынақтар өткізу үшін түскен үлгілер;
денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану жерінде дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;
мемлекеттік тіркеудегі сараптама жүргізуге арналған үлгілер;
пациенттің немесе оған таңдалған донордың аутологиялық биологиялық материалдарын пайдаланып жеке қолдану үшін өндірілген жетекші терапияның дәрілік заттары;
ЕЭО кеден аумағына келген көліктердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен жүргізушілерін емдеуге арналған дәрі-дәрмек;
халықаралық мәдени, спорт шаралары мен халықаралық экспедици қатысушыларын емдеуге қажетті дәрілік заттар.
Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жаңалықтар
0