Қарағандыда бір күнде 20-дан астам жол апаты болды

© Photo : МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Өңірдегі қолайсыз ауа райы жол апаты санының күрт өсуіне себеп болды
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қарағандыда қолайсыз ауа райының салдарынан бір күнде 22 жол апаты болған.
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 23 наурызда тіркелген жол апаты осы көрсеткішке жетті. Үш адам жарақат алып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Дәл осы күні Теміртау ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург тасжолында Hyundai көлігіндегі 31 жастағы жүргізуші 33 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетіп, 37 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан Renault автокөлігімен соқтығысты", - деді полиция қызметкерлері.
Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Теміртау полициясы бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі – "Абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тіркеді. Тергеу жүріп жатыр.
Кінәлі азамат бес жылға дейін абақтыға жабылып, бес жыл мерзімге дейін белгілі бір қызметке тағайындалуына немесе белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салынуы мүмкін.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қолайсыз ауа райында аса сақ болуды және алыс жолға шықпау қажеттігін ескертті.
Қарағанды облысында дабылды ескерту жарияланғанын атап өту керек. Бейсенбі, 24 наурызда өңірдің солтүстік және шығысында боран соғып, күндіз көктайғақ болады деп болжануда. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыс солтүстігі мен шығысында 15-20, күндіз 23 м/с-қа жетеді.
Қарағандыда бұрқасындатады. Батыс пен оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жаңалықтар
0