Оқиға

Нұр-Сұлтанда ер адам ломбардқа қарақшылық шабуыл жасады

CC0 / / Ломбард
Ломбард - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Елордалық полицейлер ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 21 наурыз күндіз Бұқар жырау көшесінде болды. Полицияға ломбардтың 21 жастағы сарапшы-бағалаушысы хабар берген.
Айтуынша, белгісіз біреу ломбардқа кіріп келіп, пышақпен қорқытқан. Зәресі ұшқан қыз сейфті аша алмаған, сол кезде күдікті үстелде жатқан бір бау кілтті алып, өзі ашуға тырысқан. Бірақ оның да қолынан келмеген. Ашуға булыққан ер адам қызметкерді жұдырықпен бір ұрған.
Осыдан кейін күдікті үстелден ұялы телефон мен гауһар тасы бар алтын сырғаны, салпыншағы бар алтын алқа мен екі алтын сақинаны алып, оқиға орнынан қашқан. Ломбардқа үлкен шығын келді.
Күдіктіні полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы іздестірді.
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Өңірлер
Алматыда полиция ломбард тонаған ер адамды қуып жүріп ұстады – видео
Ер адам анықталып, ұсталды. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны, бұрын сотталған. Полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркіледі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0