Өңірлер

Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолда блок бекет қойылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШымбұлақ
Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Қазгидромет те 25-28 наурыз күндері Кіші және Үлкен Алматы бассейндерінде қар көшкіні жүру мүмкін деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолда блок бекетің қойылғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, блок бекеттер екі жерде қойылды. Біреуі "Медеу" спорт кешеніне шығатын жолда орнатылса, екіншісі "Шымбұлақ-Тұйықсу" жолында қойылды.
"Абай болыңыздар! Тауда қар көшкіні жүру қаупі сақталады", - дейді құтқарушылар.
Қазгидромет те 25-28 наурыз күндері Кіші және Үлкен Алматы бассейндерінде қар көшкіні жүру мүмкін деп отыр.
Осыған байланысты бүгін түске дейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының аймағында "Аваланчер" пневматикалық қондырғының көмегімен Кіші Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкінін түсіру шаралары атқарылды.
Соның нәтижесінде 600 куб метр қар түсірілді.
Дегенмен, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті туристер мен қала тұрғындарын тауға шықпай тұруға кеңес берді.
Жаңалықтар
0