https://sputnik.kz/20220324/kaspiy-qubyr-zhelisi-konsortsiuym-23710709.html
Каспий құбыр желісін жөндеуге қанша уақыт кетеді – министр жауап берді
Каспий құбыр желісін жөндеуге қанша уақыт кетеді – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Министр құбыр желісі консорциумында істен шыққан қондырғыларды техникалық тұрғыда жөндеу қиын емес екенін жеткізді 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T15:52+0500
2022-03-24T15:52+0500
2022-03-24T17:03+0500
экономика
мұнай
экспорт
апат
https://sputnik.kz/img/16/70/167028_147:0:1512:768_1920x0_80_0_0_bf3c71df1097553de74b5bb3abdb4ae4.png
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы қондырғыларды жөндеу жұмыстары ары кетсе бір айға созылатынын айтты. Министрдің айтуынша, кез келген кен орнында жоспарлы түрде мұнай өндіру жұмыстары тоқтатылып отырады. Теңіз де, Қашаған да, Қарашығанақ та солай істейді. Барлығы жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізіп тұрады. Оның уақыты 40-50 күнге дейін созылады. Бұның барлығы - технологиялық процесс. "Сондықтан Каспий мұнай құбырын бір ай немесе бір жарым ай жөндеген күннің өзінде Қазақстанға үлкен қауіп төніп тұрған жоқ. Иә, мұнай өндіру көлемін қысқартуға тура келеді. Дегенмен, технологиялық тұрғыда ондай қысқартулар кен орындарыда жөндеу жұмыстарын жасағанда болып жатады", - деп атап көрсетті Ақшолақов. Осы орайда министр құбыр желісі консорциумында істен шыққан қондырғыларды техникалық тұрғыда жөндеу қиын емес екенін жеткізді. Бүгінде Новороссийск портында ауа-райы қолайсыз болып тұр. Қатты дауыл басылмай жатыр. Ал жөндеу жұмыстарын жасау үшін арнайы кемені жіберіп, мұнайды басқа танкерге құю керек. Содан кейін құбыршектерді ауыстыру шаралары атқарылады. Айта кетері, Каспий құбыр желісінде консорциумы қолайсыз ауа-райының салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын. Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды. АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/16/70/167028_317:0:1341:768_1920x0_80_0_0_ea8c74a8d02a66cfd6849877d24da355.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт, апат
Каспий құбыр желісін жөндеуге қанша уақыт кетеді – министр жауап берді
15:52 24.03.2022 (жаңартылды: 17:03 24.03.2022) Министр құбыр желісі консорциумында істен шыққан қондырғыларды техникалық тұрғыда жөндеу қиын емес екенін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы қондырғыларды жөндеу жұмыстары ары кетсе бір айға созылатынын айтты.
"Құбыр желісін жөндеу жұмысы бір жылға немесе бірнеше айға созылмайды деп ойлаймын. Одан әлдеқайда аз уақыт болады, үш апта – бір ай", - дейді Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, кез келген кен орнында жоспарлы түрде мұнай өндіру жұмыстары тоқтатылып отырады. Теңіз де, Қашаған да, Қарашығанақ та солай істейді. Барлығы жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізіп тұрады. Оның уақыты 40-50 күнге дейін созылады. Бұның барлығы - технологиялық процесс.
"Сондықтан Каспий мұнай құбырын бір ай немесе бір жарым ай жөндеген күннің өзінде Қазақстанға үлкен қауіп төніп тұрған жоқ. Иә, мұнай өндіру көлемін қысқартуға тура келеді. Дегенмен, технологиялық тұрғыда ондай қысқартулар кен орындарыда жөндеу жұмыстарын жасағанда болып жатады", - деп атап көрсетті Ақшолақов.
Осы орайда министр құбыр желісі консорциумында істен шыққан қондырғыларды техникалық тұрғыда жөндеу қиын емес екенін жеткізді.
Бүгінде Новороссийск портында ауа-райы қолайсыз болып тұр. Қатты дауыл басылмай жатыр. Ал жөндеу жұмыстарын жасау үшін арнайы кемені жіберіп, мұнайды басқа танкерге құю керек. Содан кейін құбыршектерді ауыстыру шаралары атқарылады.
Айта кетері, Каспий құбыр желісінде консорциумы қолайсыз ауа-райының салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.
Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды. АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.