https://sputnik.kz/20220324/kaspiy-qubyr-zhelisi-apat-teniz-munay-23696114.html
Каспий құбыр желісіндегі апаттан кейін теңізге мұнай төгілгені байқалмады
Каспий құбыр желісіндегі апаттан кейін теңізге мұнай төгілгені байқалмады
Sputnik Қазақстан
Апатты жағдай қаупі жоқ 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T08:27+0500
2022-03-24T08:27+0500
2022-03-24T08:27+0500
экономика
каспий
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/02/15629508_0:184:3067:1909_1920x0_80_0_0_68314a2cb4aa91a5952f8c6f1b074bc9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазіргі таңда мұнайдың теңізге төгілу фактісі тіркелмеді, деп мәлімдеді Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК)."Акваторийді тексеру үшін ведомствоның Ми-8 тікұшағы жөнелтілді. Қазіргі таңда теңізге мұнай төгілгені байқалмайды", - делінген КТК баспасөз қызметі.Росприроднадзор мамандары Новороссийск түбінде КТК Теңіз терминалы ауданындағы жағдайға мониторинг жүргізуге кірісті. Инспекторлар экобақылауға қажетті сынамаларды алды. Росприроднадзор мамандарымен бірге теңіз маңындағы жағдайды Ресейдің ТЖ министрлігі де бақылап жүр.КТК теңіз терминалында тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. 2022 жылғы 21 наурызда кезектен тыс инспекция барысында үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.22 наурызда екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.Олқылықты уақытында анықтау нәтижесінде мұнайдың Қара теңіз акваториясына төгілуіне жол берілмеді. Осылайша апатты жағдай қаупі жоқ, деп түйіндеді КТК.Сондай-ақ, Қазақстан КТК-дағы апаттан соң, мұнай экспорттаудың баламалы бағыттарын қарастырып жатқаны хабарланды.РФ вице-премьері Александр Новак КТК айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20220323/kaspiy-qubyr-zhelisin-apat-qazaqstan-munay-eksporty-23685089.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/02/15629508_29:0:2758:2047_1920x0_80_0_0_c427bb1ff55870cd81211b28860f5d01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, мұнай
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазіргі таңда мұнайдың теңізге төгілу фактісі тіркелмеді, деп мәлімдеді Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК).
"Акваторийді тексеру үшін ведомствоның Ми-8 тікұшағы жөнелтілді. Қазіргі таңда теңізге мұнай төгілгені байқалмайды", - делінген КТК баспасөз қызметі.
Росприроднадзор мамандары Новороссийск түбінде КТК Теңіз терминалы ауданындағы жағдайға мониторинг жүргізуге кірісті. Инспекторлар экобақылауға қажетті сынамаларды алды. Росприроднадзор мамандарымен бірге теңіз маңындағы жағдайды Ресейдің ТЖ министрлігі де бақылап жүр.
КТК теңіз терминалында тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. 2022 жылғы 21 наурызда кезектен тыс инспекция барысында үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.
22 наурызда екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.
Олқылықты уақытында анықтау нәтижесінде мұнайдың Қара теңіз акваториясына төгілуіне жол берілмеді. Осылайша апатты жағдай қаупі жоқ, деп түйіндеді КТК.
Сондай-ақ, Қазақстан КТК-дағы апаттан соң, мұнай экспорттаудың баламалы бағыттарын қарастырып жатқаны хабарланды.
РФ вице-премьері Александр Новак КТК айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.