https://sputnik.kz/20220324/aymagambetov-bilim-zhuyesi-qala-23700256.html
Аймағамбетов білім жүйесі едәуір дамыған қаланы атады
Аймағамбетов білім жүйесі едәуір дамыған қаланы атады
Sputnik Қазақстан
Министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T10:48+0500
2022-03-24T10:48+0500
2022-03-24T10:48+0500
асхат аймағамбетов
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп келеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.Осы орайда министр алдағы жоспарларға да тоқталды. Алматыда Оқушылар сарайы толықтай жаңғыртылып қана қоймай, заманауи екі инновациялық шығармашылық орталық пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы ескі ғимараттарды бұзып, үш бірдей оқушылар үйінің құрылысы басталады. Қазіргі кезде жобалау жұмыстары қолға алынды.Сондай-ақ қалада мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жас туристер мен натуралистер станциялары жаңартылады."Жалпы, қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек. Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті министр.Бұның барлығы нормативтік актілермен бекітіледі. Ал қаланың білім беру ұйымдары негізгі инновациялық алаңдарға айналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, білім
асхат аймағамбетов, білім
Аймағамбетов білім жүйесі едәуір дамыған қаланы атады
Министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп келеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Жуырда мемлекет басшысы Алматы қаласының маңызды нысанының бірі – Оқушылар сарайында болды. Президент балалармен әңгімелесіп, онда жасалған жағдаймен және сарайдағы жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Алматыда қосымша білім беруді дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылған", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда министр алдағы жоспарларға да тоқталды. Алматыда Оқушылар сарайы толықтай жаңғыртылып қана қоймай, заманауи екі инновациялық шығармашылық орталық пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы ескі ғимараттарды бұзып, үш бірдей оқушылар үйінің құрылысы басталады. Қазіргі кезде жобалау жұмыстары қолға алынды.
Сондай-ақ қалада мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жас туристер мен натуралистер станциялары жаңартылады.
"Жалпы, қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек. Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті министр.
Бұның барлығы нормативтік актілермен бекітіледі. Ал қаланың білім беру ұйымдары негізгі инновациялық алаңдарға айналады.