https://sputnik.kz/20220324/aqtobe-ayel-qaynagan-su-23713834.html
Ас мәзірі ұнамаған Ақтөбе тұрғыны әйелін қайнаған сумен күйдірді
Ас мәзірі ұнамаған Ақтөбе тұрғыны әйелін қайнаған сумен күйдірді
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккен әйел күйеуінен қорқып, екі күн бойы жедел жәрдем шақырмаған 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T17:46+0500
2022-03-24T17:46+0500
2022-03-24T17:49+0500
қоғам
ақтөбе облысы
тұрмыстық жанжал
https://sputnik.kz/img/old/539/96/5399639_0:31:600:369_1920x0_80_0_0_a2dadde011d352776378a2ebe61cf1c4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында күйеуінің кесірінен әйел адам қатты күйік алған, деп хабарлады жергілікті Диапазон сайты.Ас мәзірі ұнамаған ер адам үстелді аударып жіберген. Үстелде тұрған шәйнек әйелдің үстіне төгілді.Оның кеудесі, қолы күйіп қалған.Оқиға балалардың көзінше болған. Алған күйіктен әйел қозғала алмай қалды. Ал ер адам болса екі күн бойы жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген. Әйел жедел жәрдемді күйеуі жұмысқа кеткенде шақырған. Бұл оқиға туралы қоғамдық "Не молчи" қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды басылым.Ауруханаға жеткізілген әйел полицияға арыз жазудан бас тартқан.Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ерлі-зайыптылар алты бала тәрбилеп отыр. Олардың үлкені 14 жаста болса, кенжесі әлі жасқа толмаған.Әйел жүктілік кезінде де күйеуінен зәбір көрген.Ақтөбе облысы полиция департаменті осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.Полиция ақпаратынша, әйел жұбайына қатысты шара қолдануды сұрады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адам қамауға алынды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/539/96/5399639_34:0:566:399_1920x0_80_0_0_8c778f992eb8d216597c1bcf3ee47efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, тұрмыстық жанжал
ақтөбе облысы, тұрмыстық жанжал
Ас мәзірі ұнамаған Ақтөбе тұрғыны әйелін қайнаған сумен күйдірді
17:46 24.03.2022 (жаңартылды: 17:49 24.03.2022) Зардап шеккен әйел күйеуінен қорқып, екі күн бойы жедел жәрдем шақырмаған
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында күйеуінің кесірінен әйел адам қатты күйік алған, деп хабарлады жергілікті
Диапазон сайты.
Ас мәзірі ұнамаған ер адам үстелді аударып жіберген. Үстелде тұрған шәйнек әйелдің үстіне төгілді.
Оның кеудесі, қолы күйіп қалған.
Оқиға балалардың көзінше болған. Алған күйіктен әйел қозғала алмай қалды. Ал ер адам болса екі күн бойы жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген. Әйел жедел жәрдемді күйеуі жұмысқа кеткенде шақырған. Бұл оқиға туралы қоғамдық "Не молчи" қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды басылым.
Ауруханаға жеткізілген әйел полицияға арыз жазудан бас тартқан.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ерлі-зайыптылар алты бала тәрбилеп отыр. Олардың үлкені 14 жаста болса, кенжесі әлі жасқа толмаған.
Әйел жүктілік кезінде де күйеуінен зәбір көрген.
Ақтөбе облысы полиция департаменті осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.
"Денесін күйік шалған әйел туралы ауруханадағылар хабарлады. Зардап шеккен әйел шара қолданбау жөнінде арыз жазды. Ол арызда абайсызда өзі күйіп қалғаны туралы айтқан. Алайда әлеуметтік желідегі ақпараттан кейін қосымша тексеру жүргізілді. Оның барысында тұрмыстық зомбылық фактілері анықталды. Әйел тұрмыстық зомбылық құрбаны болғаны туралы ешқашан тіс жармаған. Қосымша тексеруден кейін ол арыз жазып, күйіп қалуының нақты себебін атады", - дейді полициядағылар.
Полиция ақпаратынша, әйел жұбайына қатысты шара қолдануды сұрады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.