"Алматы қала жарық" компаниясын жекешелендіру заңға қайшы – әкімдік

© AP Photo / Mohssen AssanimoghaddamЭлектросети
Электросети - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Әкімдік "Алматы қала жарықты" жекешелендіру туралы шешім мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келетінін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. "Алматы қала жарық" кәсіпорындарын коммуналдық меншікке қайтаруға шешім қабылданды. Алматы әкімдігі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілгенін хабарлады.
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы "Алматы қала жарық" ШЖҚ МКК сатылды. "ABM Group.com" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле 4,6 миллиард теңгені құрады, болжамды құны – 14,8 миллиард теңге.
Алматы әкімдігі "Алматы қала жарық"МКК-ны жекешелендіру мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді деп мәлімдеді.
Мұндай қорытынды 2020-2021 жылдарға арналған қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілгеннен кейін жасалды. "Алматы қала жарық" нарықта монополиялық жағдайға ие екендігі анықталды.
"Мемлекеттік мүлік туралы" заңның нормаларына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып саналатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау ел үкіметінің құзыретіне жатқызылған. "Алматы қала жарықты" жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді әкімдік.
Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде "Алматы қала жарық" МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдап жатыр.
Айта кетері, компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруға жауап береді.
Жаңалықтар
0