Қоғам

Тоқаев Юрий Померанцевтің отбасына көңіл айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев
Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Юрий Померанцев 99 жасында өмірден озды
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі қазақстандық актер Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды", - деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры әйгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты. Биыл ақпан айында Юрий Померанцев 99 жасқа толды. 1957 жылы "Қазақфильм" түсірген "Наш милый доктор" комедиясындағы дәрігер Лавров рөлі Померанцев сомдаған ең танымал рөлдің бірі.
Юрий Померанцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Қоғам
Әйгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды
Жаңалықтар
0