Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEкоронавирус
коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Төрт өңір мен Алматы қаласында ғана инфекция жұқтырғандар анықталып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте 18 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 9,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Жамбыл облысында - 1,
Қарағанды облысында - 1,
Павлодар облысында - 2.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 304 949 адамға жетті.

Қазіргі уақытта 6 243 адам коронавирус инфекциясынан (5 212 КВИ+ және 1 031 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 588 пациент стационарда, 5 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
50 адамның жағдайы ауыр,
20 пациенттің жағдайы өте ауыр,
11 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0