Өңірлер

Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдар жабылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Жол, бұрқасын
Жол, бұрқасын - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаменті қала сыртына сапар жоспарламауға, егде жастағы адамдарға, жүкті әйелдерге және балаларға далаға шықпауға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Астанада ауа райы күрт бұзылып, таңнан бері екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғып, қар жауып тұр.
"Қазавтожол" көліктің барлық түрі үшін Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын барлық бағыттағы жолды жапты, деп хабарлады елордалық төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі уақытта көшелерді қардан тазарту жұмысы жұріп жатыр. Алайда қатты жел салдарынан жол нашар көрінеді. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты қала сыртына қатынайтын барлық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды.
Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын 6 бағыт бойынша жол болмаған кезде жүру мүмкіндігі жоғары техникалармен жедел топтар құрылды. Олар қар құрсауында қалып қойғандарға көмектеседі.
Сондай-ақ, адамдарды эвакуациялау кезінде көлікпен жету мүмкін емес аймақтарға бару үшін "Трэкол-болотоход" көлігі дайын тұр. Ол бір рейс кезінде 25 адамды алып жүре алады.
Қазгидромет ақпараты бойынша, қолайсыз ауа райы 24 наурыз сағат 03:00-ге дейін жалғасады.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, азаматтарды қала сыртына жол жүрмеуге, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер мен балаларды далаға шықпауға шақырамыз. Жолдағ жағдай туралы "Қазавтожол" сайтынан біліп отыра аласыздар", - деп жазылған хабарламада.

Қыс кезіндегі төтенше жағдайға қатысты жылдам әрекет ету үшін құрамында 266 адам, 25 техника бар апатты-құтқару құрылымдары мен ішкі істер органдары сақадай сай тұр. Зардап шеккендерді уақытша орналастыру бойынша 1000 адамға арналған жатын орын бар 10 пункт тұрақты режимде қабылдайды.
Төтенше жағдай туындаған болса, 112 нөміріне хабарласу қажет.
Жаңалықтар
0