Оқиға

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды

© Photo : Otyrar.kzШымкенттегі жол апаты
Шымкенттегі жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Үш автокөлік соқтығысқан жерден бес ересек пен екі бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.
Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Үш автокөлік 20 наурыз түнде Абай ауданында, Әл-Фараби көшесі мен Алматы тас жолының қиылысында соқтығысты, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.
Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.
Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханаға жатқызылды.
Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.
Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.
Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0