Спорт

Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады - видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль Канело Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Альварес алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, Геннадий Головкинмен үшінші кездесу өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Танымал кәсіпқой боксшы Сауль Канело Альварес Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екінші орта салмақтағы абсолютті чемпионның құттықтауын Suleimen промоутерлік компаниясы жариялады.
"Қазақстан халқы, Наурыз құтты болсын! Барлық жақсылықты тілеймін!", - дейді Альварес.
Ал микрофонды қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ұстап тұр. Ол Альвареске алдағы жекпе-жекке дайындалуға көмектесіп жүр. Канело WBA чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы шығады.
Айта кетері, Альварес алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, Геннадий Головкинмен үшінші кездесу өткізеді.
Бірақ GGG де WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Муратаны жеңуі керек.
Жаңалықтар
0