https://sputnik.kz/20220322/qar-burqasyn-sinoptikter-bolzham-23680763.html
Қар жауып, бұрқасындатады – синоптиктер 23 наурызға болжам жасады
Қар жауып, бұрқасындатады – синоптиктер 23 наурызға болжам жасады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. 23 наурызда белсенді солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашын әкеледі. Оңтүстік өңірлерде қар... 22.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-22T20:00+0500
2022-03-22T20:00+0500
2022-03-22T20:00+0500
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23675725_4:0:3645:2048_1920x0_80_0_0_9ef945b8968995edbe3ca89498e23db0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. 23 наурызда белсенді солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашын әкеледі. Оңтүстік өңірлерде қар және жаңбыр жауады деп болжанып отыр.Республикада жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұрқасын соғады, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.Өңірлердегі ауа райыАқмола облысының басым аумағында желдің жылдамдығы 15-20, солтүстік-батысы мен шығысында екпіні 23-28 м/с дейін барады. Күндіз бұрқасын соғады.Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз өңірдің шығысында екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, солтүстігінде, батысында және шығысында бұрқасындатады.Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, түнде оңтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел тұрады.Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады, облыстың оңтүстігін тұман басады.Қостанай облысында күндіз барлық дерлік аумағында, ал түнде солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15-20, күндіз оңтүстікте екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде бұрқасын, батысында тұман мен көктайғақ күтілуде.Алматы облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында – тұман, көктайғақ, оңтүстігі мен шығысында екпіні 23 м/с жел болжанып отыр.Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман және көктайғақ болады.Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігін тұман басады.Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен батысында тұман болжануда, Атыраудың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.Ірі қалаларда ауа райы қандай боладыНұр-Сұлтанда күндіз қар жауып, жел күшейеді деп болжануда. Күндіз -3-5, түнде 9-11 градус аяз болады.Алматыда жауын-шашын түседі, күндіз 1-3 градус жылы, түнде температура төмендейді.Шымкентте күндіз жаңбыр жауады, сынап бағанасы +3+5 градусты көрсетеді. Түнде жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін түседі.
https://sputnik.kz/20220216/koktemde-aua-rayy-qanday-bolady-22828710.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23675725_914:0:3645:2048_1920x0_80_0_0_a65cc75e16aae448f61052aaa71194b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. 23 наурызда белсенді солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашын әкеледі. Оңтүстік өңірлерде қар және жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Республикада жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұрқасын соғады, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының басым аумағында желдің жылдамдығы 15-20, солтүстік-батысы мен шығысында екпіні 23-28 м/с дейін барады. Күндіз бұрқасын соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз өңірдің шығысында екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, солтүстігінде, батысында және шығысында бұрқасындатады.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, түнде оңтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады, облыстың оңтүстігін тұман басады.
Қостанай облысында күндіз барлық дерлік аумағында, ал түнде солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15-20, күндіз оңтүстікте екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде бұрқасын, батысында тұман мен көктайғақ күтілуде.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында – тұман, көктайғақ, оңтүстігі мен шығысында екпіні 23 м/с жел болжанып отыр.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман және көктайғақ болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігін тұман басады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен батысында тұман болжануда, Атыраудың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күндіз қар жауып, жел күшейеді деп болжануда. Күндіз -3-5, түнде 9-11 градус аяз болады.
Алматыда жауын-шашын түседі, күндіз 1-3 градус жылы, түнде температура төмендейді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады, сынап бағанасы +3+5 градусты көрсетеді. Түнде жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін түседі.