Петропавл жылу электр орталығында бесінші қазанагрегат іске қосылды

© Sputnik / Елена БережнаяТүтін құбырларының бірі құлаған Петропавлдағы ЖЭО-2
Түтін құбырларының бірі құлаған Петропавлдағы ЖЭО-2  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Петропавл жылу электр орталығында бесінші қазанагрегат іске қосылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Қазір стансада электр энергиясының генерациясы 105 МВт-тан 110 МВт-қа дейін көтерілді. Жылу желілері бойынша жылу тасымалдағыш температурасы да көтерілуде, кешкі бестегі жағдай бойынша – 58С/40С дейін, ал жоспар бойынша ол 70С/50С болуы керек", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де түтін мұржасы опырылып түсті. Төтенше жағдайдан кейін бес қазандықты істен шығаруға тура келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, апатқа дейін төрт қазандық жұмыс істеген.
Мұржа құлағаннан кейін тек екеуі істеді, қала тұрғындары бір тәуліктен астам уақыт жылусыз қалды. Келесі күні президент жылумен қамтуды қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды.
"Орталық Азия электр энергетикасы корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов температуралық режим 22 наурыз таңертеңге қарай қалыпты көрсеткішіне оралады деп уәде берді.
1 түтін мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Мұржаның күрделі жөндеуі 2017 жылы аяқталды. Нормативтерге сәйкес тексеріс бес жылда бір рет өткізіледі. Келесі жылы мұржа жөндеуге шығарылуға тиіс еді.
2 түтін мұржасы 1965 жылы, ал 3 түтін мұржасы 1977 жылы іске қосылды. Соңғы рет арнайы ұйым оларды 2018 жылы тексерістен өткізген. Мамандар Петропавл ЖЭО-2-дегі екі мұржаның техникалық жай-күйі қауіп туғызбайды деп сендіріп отыр.
Жаңалықтар
0