Назарбаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр. Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады", - дейді Назарбаев.
Осы орайда Қазақтсанның тұңғыш президенті әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскенін ерекеше атап өтті.
"Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі. Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді. Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін!", - деп атап көрсетті Елбасы.
Наурыз мейрамы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Тоқаев Алматыға Наурыз мейрамын тойлауға барды
Жаңалықтар
0