https://sputnik.kz/20220322/elorda-kommunaldyq-kasiporyn-zhalaqy-23678801.html
Елордада коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өсті
Елордада коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өсті
Sputnik Қазақстан
ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын 20%-ке көтердік, деді Алтай Көлгінов 22.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-22T17:14+0500
2022-03-22T17:14+0500
2022-03-22T17:14+0500
елорда тынысы
коммуналдық қызмет
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748986_0:194:3068:1920_1920x0_80_0_0_08889f07359411d528d09fc6f18aeebe.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Биыл Нұр-Сұлтанда барлық коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.Елорда әкімі жылу электр орталығы қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады."Бізде жылыту маусымы 8 айға созылады. Үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандар жұмыс істейді. Жылу электр орталықтарында қызмет ететін мамандардың жағдайын жасауға ерекше мән беріледі. Биыл ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын 20%-ке көтердік. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаладағы коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өсті", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.Ол жылу электр орталықтарының жұмысын жақсартуға да баса мән берілетінін атап өтті.Дәлірек айтқанда, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі су жылыту қазандықтары толықтай газға ауыстырылды, ал ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды.Сондай-ақ тағы үш газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Олардың қуаты сағатына 1 мың гигакалориядан асады, оның күші ЖЭО-3-тен де көп. Бұл қазандықтар жаңа аудандарды жылумен қосымша қамтамасыз етеді, деді әкім.
https://sputnik.kz/20220304/onir-turgyndary-zhalaqy-23287331.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748986_282:0:3013:2048_1920x0_80_0_0_d07d4393c02d2d1463a7c4de16683988.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, жалақы
коммуналдық қызмет, жалақы
Елордада коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өсті
ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын 20%-ке көтердік, деді Алтай Көлгінов
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Биыл Нұр-Сұлтанда барлық коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Елорда әкімі жылу электр орталығы қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Бізде жылыту маусымы 8 айға созылады. Үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандар жұмыс істейді. Жылу электр орталықтарында қызмет ететін мамандардың жағдайын жасауға ерекше мән беріледі. Биыл ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын 20%-ке көтердік. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаладағы коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өсті", - деп жазды Көлгінов
Instagram парақшасында.
Ол жылу электр орталықтарының жұмысын жақсартуға да баса мән берілетінін атап өтті.
Дәлірек айтқанда, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі су жылыту қазандықтары толықтай газға ауыстырылды, ал ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды.
Сондай-ақ тағы үш газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Олардың қуаты сағатына 1 мың гигакалориядан асады, оның күші ЖЭО-3-тен де көп. Бұл қазандықтар жаңа аудандарды жылумен қосымша қамтамасыз етеді, деді әкім.