Экономика

ЕЭК долларға тәуелділікті төмендету бойынша шаралар әзірлеп жатыр

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСоветник Президента РФ по вопросам региональной экономической интеграции Сергей Глазьев
Советник Президента РФ по вопросам региональной экономической интеграции Сергей Глазьев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Осыған байланысты ЕЭК министрі жаңа қаржы-валюта жүйесін әзірлеу қажеттігін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ресейге қарсы санкция қысымы шындығында доллардан, еуро мен британ фунтынан бас тарту күні бұрын болжанып қойғанын көрсетеді.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев мәлімдеді.
Ол Sputnik ақпарат агенттігінде өткен "Батыс санкциялары жағдайындағы ЕАЭО елдері экономикасы" бейнекөпірі барысында осындай пікір білдірді.
"Қайткенде де Ресей үшін, Беларусь үшін санкциялар доллар мен еуроны "қоқыс валютасына" айналдырды. Ресей ЕАЭО-да сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты орталығы болғандықтан, біздің өзара қарым-қатынасымызда доллардан, еуро мен фунттан бас тартатынымызды санкционерлердің өзі күні бұрын болжап қойған", - деді Глазьев.
Ресейге қарсы қатаң санкциялар жаңа әлемдік шаруашылық құрылысына көшуді жеделдетті және шын мәнінде ресурстардың, сауда мен ынтымақтастықтың Азия бағытына қарай ауысуын ынталандырып отыр, деп атап өтті ол.
Осыған байланысты ЕЭК министрі жаңа қаржы-валюта жүйесін әзірлеу қажеттігін айтты.
"Бізде енді әлемде жеке резервтік валюталар болмайды. Бізге ұлттық валюталарға көшуді, жаңа қаржы-валюта архитектурасы жайлы халықаралық шарт дайындау жағын ойластыру қажет. Шарт тек ЕАЭО мемлекеттерін ғана емес, әлемдік валюта эмиссиясын иемденген елдің бассыздығына тәуелді болуды қаламайтын барлық елді қамтуға тиіс ", - деді ЕЭК өкілі.
Оның пікірінше, қазір валюта-қаржы архитектурасында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
"Біз бұған дайындалдық. Біз үшінші елдердің агрессиясы мен дұшпандық әрекеттерінен қорғалған жаңа әлемдік экономика кеңістігі бағдарламасына технологиялық тұрғыдан дайынбыз", - деді ол.
Ол ЕАЭО-да доллар мен еуроға үлкен тәуелділік сақталып отырғанын атап өтті.
Айтуынша, қазір ЕАЭО-ның биржа кеңістігі концепциясы әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ Глазьев ЕАЭО мен Қытай арасында халықаралық валюта-қаржы жүйесін құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ екенін мәлімдеді.
"Сіздер білесіздер, бізде ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы бар. Оның аясында қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл концепцияда қандай да бір жаңа валюта құралын енгізу жайлы ешқандай шешім қарастырылмаған", -деп түсіндірді ол.
Яғни, ЕАЭО аясында жаңа валюта құралын іске қосу туралы сөз болып отырған жоқ, деп атап өтті Глазьев.
Жаңалықтар
0