https://sputnik.kz/20220322/aqtau-eriktiler-nauryz-23676153.html
Ақтауда еріктілер мүгедектігі бар адамдарға Наурыз мерекесіне орай сый жасады
Ақтауда еріктілер мүгедектігі бар адамдарға Наурыз мерекесіне орай сый жасады
Sputnik Қазақстан
Балалар алаңында мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттыға алады 22.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-22T14:56+0500
2022-03-22T14:56+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23676037_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_679d21f82013a06059a5b9c5353e882d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Сейсенбі, 22 наурызда Ақтау қаласында алғаш рет ерекше балаларға арналған заманауи спорт алаңы ашылды. Алаң теңіз жағалауында орналасқан. Онда мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттыға алады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл ерекше жобаны "Мейірімді жүрек"қоғамдық жобасының еріктілері жүзеге асырды. Жаңа алаңды одан әрі күтіп ұстау үшін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне беріледі. Алаңда 7 және одан жоғары жастағы мүгедек адамдар жаттыға алады. Жалпы ауданы 120 шаршы метр жаттығу алаңында 8 түрлі ойын құралдары орнатылған: әткеншектер, турниктер және тағы басқа. Жарақаттан қорғайтын арнайы төсеніш төселген.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23676037_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_11edc105d9d1e7b732e4a9135d4570e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ақтау
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ақтау
Ақтауда еріктілер мүгедектігі бар адамдарға Наурыз мерекесіне орай сый жасады
14:56 22.03.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Балалар алаңында мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттыға алады
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Сейсенбі, 22 наурызда Ақтау қаласында алғаш рет ерекше балаларға арналған заманауи спорт алаңы ашылды.
Алаң теңіз жағалауында орналасқан. Онда мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттыға алады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл ерекше жобаны "Мейірімді жүрек"қоғамдық жобасының еріктілері жүзеге асырды.
Жаңа алаңды одан әрі күтіп ұстау үшін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне беріледі.
"Бұл ерекше жоба толығымен демеушілердің есебінен тұрғызылды. Жаттығу құралдары арнайы тапсырыспен Алматы және Ақтау қалаларында дайындалып әкелінді. Осы орайда қала тұрғындарын, жалпыға ортақ қолданыстағы алаңды бүлдірмеуге, ұқыпты ұстауға шақырамын",- деді "Мейірімді жүрек" қоғамдық жобасының өкілі Ләззат Қалиева.
Алаңда 7 және одан жоғары жастағы мүгедек адамдар жаттыға алады.
Жалпы ауданы 120 шаршы метр жаттығу алаңында 8 түрлі ойын құралдары орнатылған: әткеншектер, турниктер және тағы басқа. Жарақаттан қорғайтын арнайы төсеніш төселген.