АҚШ-та алапат құйын екі штаттың тұрғындарына орасан зор шығын келтірді

CC0 / maja7777 / Торнадо
Торнадо - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Техас пен Оклахома штаттарының билігі дүлей дауылдан келген шығынды есептеп, зардап шеккен адамдардың санын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Американың Техас пен Оклахома штаттарында торнадо тұрғындарға айтарлықтай шығын келтірді: кемінде төрт адам зардап шекті, көбісі жарықсыз қалды. Мектептер мен үйлер бүлінді.
Қазіргі таңда Техас штатында төрт адамның зардап шеккені белгілі. Оларды Джексборо қаласында қатты құйыннан зақымдалған үйден құтқарған, деп хабарлайды РИА Новости америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қалада бастауыш және орта мектептер, жануарлар үйінің ғимараты да қатты қираған.
Джексборо өрт күзеті бастығының есебінше, алапат құйын кезінде кемінде 60-тан 80 үйге дейін зақымдалған.
Техастағы Элджин қаласының полициясы табиғаттың тосын мінезінен төрт адам зардап шеккенін мәлімдеді.
Poweroutage.us порталының ақпаратынша, Техаста 67 мың, ал Оклахомада сегіз мыңнан астам абонент электр энергиясынсыз қалды.
Әзірге қаза тапқандар жайлы ақпарат түскен жоқ.
Жаңалықтар
0