Ақмола облысында 350-ге жуық автокөлік блок бекеттерде кептеліп тұр

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Құтқарушылар мен полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды елді мекенге кері қайтуға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында жолдардың жабылуына байланысты 350-ге жуық автокөлік блок бекеттерде кептеліп тұр, деп хабарлайды өңірдің ТЖ департаменті.
Аршалы ауданында Нұр-Сұлтан – Қарағанды қаласы бағыты бойынша жолдың жабылуына байланысты елордадан шыққан кезде 110 автокөлік тұрып қалған.
Ал Қарағандыдан Нұр-Сұлтанға қарай шығатын жолда 235-ке жуық автокөлік тұр. Қазір оларды колоннамен алып жүру мәселесі шешілуде.
Құтқарушылар мен полицейлер жолаушылар мен жүргізушілерді төтенше жағдайды болдырмау үшін елді мекенге оралуға кеңес берді.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, қатты жел мен бұрқасыннан жолды тазалау жұмысы қиынға соғып жатыр.
Ақмола облысының ТЖ департаменті өңір тұрғындарынан алыс сапарға шықпауды сұрады.
Жолдардың жабылуы туралы ақпаратты "Дәрмен" қосымшасы немесе 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
Ауа райы, жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Өңірлер
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста жол жабылды
Жаңалықтар
0