Қоғам

Тоқаевтың халықтың ортасында жүрген видеосы тарады

© Sputnik/Александр МирогловЗдесь на главный концерт собрались более трех тысяч человек.
Здесь на главный концерт собрались более трех тысяч человек. - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
Дәл осы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Алматыға Наурыз тойға келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың ортасында жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кадрлардың бірінде халықтың арасынан өтіп бара жатқан президенттің оққағарлары әйелдің қолынан ұстап тұрады. Оны байқаған президент оққағарына итерме деген ишара танытып, қолын қағып жібереді.
Дәл осы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі президенттің халық арасында жүргенін бағаласа, енді бірі қарапайымдылығына тәнті болып жатыр.
"Әйелді итерген кісінің қолын тартып жатыр, итерме деген ишара білдіріп", "президентімізді қарапайым болғаны үшін құрметтеймін ғой", "халықпен біргемін деген президент осындай-ақ болсын" деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Айта кетері, 21 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0