https://sputnik.kz/20220321/toqaev-biznes-okilderi-23663339.html
Президент қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті
Президент қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді 21.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-21T16:21+0500
2022-03-21T16:21+0500
2022-05-23T14:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
алматы
жеке кәсіпкерлер
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22527165_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_68ea266d095c8e61bcbcfce81c088fba.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматыда шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы Asia Park сауда ойын-сауық орталығына барды. Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді. Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 миллиард теңге көмек ретінде бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22527165_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_28f1371c0bf9ff91de9c82ec7a7de34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, алматы, жеке кәсіпкерлер
қасым-жомарт тоқаев, алматы, жеке кәсіпкерлер
Президент қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті
16:21 21.03.2022 (жаңартылды: 14:22 23.05.2022) Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматыда шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы Asia Park сауда ойын-сауық орталығына барды.
Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді.
Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 миллиард теңге көмек ретінде бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралады.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.