Әлем

Ресейге қарсы санкциялар батысқа кері әсер етіп жатыр

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАҚШ
АҚШ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресей қауіпсіздігінің басты аспектісі экономика екенін айтты.
Ядролық қару Украиинадағы қақтығыстың одан да қатты өршуін тежеп тұр. Алайда нағыз жаһандық соғыс дәл осы экономика саласында жүріп жатыр. Адамдарды бүгінде не ішіп, не жейді, коммуналдық қызмет пен бензин бағасы қандай болады деген сұрақтар көбірек толғандырып жатыр, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Медведев экономикада күйреу болмайды деп уәде етті. Ол өзі билік басында болған 2008 жылы Ресей мұндай дүрбелеңді бастан кешірген еді. Дәл осы жылы тамызда ресейлік армия Грузияны бейбітшілікке мәжбүрледі. Ал қыркүйекте АҚШ пен Еуропа Ресейге қарсы бірқатар санкция қабылдады.
Батыстағылар Грузияның өтініші бойынша Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін кейінге қалдырды. "Газпромның" Еуропаға жеткізулерін қысқарту талқыланды. Британдар, француздар мен немістер нақты талап қойып, ұсыныстар жасады. Сол шақта бұл санкцияларды да "тозақтағыдай" деп сипаттаған еді.
Әйткенмен 2011 жылы Ресей бәрібір Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.
2014 жылы Медведев үкімет төрағасы болған шақта Ресей алдында жаңа санкциялар пакеті пайда болды. Ресми түрде бұл Донбасс аспанында апатқа ұшыраған боинг үшін жаза еді. Ал шындығында бұл орыстарды Қырым үшін жазалау шарасы болатын. Мұны барлығы айтпай-ақ түсінді.
Түркия  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Ресейге қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ
"2016 жылы тағы жаңа санкциялар қабылданды. Бұл жолы Америкада өткен сайлауға араласты деген айып тағылды. Оның артынша коронавирус пандемиясы басталып, бұл дағдарыста Ресейде ипотека қарқыны өсті. Сондықтан мұны экономиканың тұрақтылығы деп сипаттауға болады. Санкциялардың әсері болмаған соң, АҚШ Мемлекеттің департаменті қазір кейбір санкциялардың кері қайтарылуы ықтимал екені туралы айтып жатыр", - деп жазылған материалда.
Жақында Fox News телеарнасында жүргізуші Такер Карлсонның кезекті бағдарламасы жарыққа шықты. Телебағдарламада америкалық қалалардағы қымбатшылық жайлы айтылды. Жүргізуші бағаның күн сайын өзгеріп жатқанын айтты. Мысалы, күні кеше ғана Лос-Анджелесте машина багін бензин толтыру шамамен жүз сексен доллар болса, бүгін тағы қымбаттады.
Америкада адамдар көлікке ұрланып келіп, бензин багін тесіп, жанармайды құйып алып кететін қылмыс жиі болып жатыр. Сондықтан америкалықтар бензин бағасы бәріне, азық-түлік, жиһаз, тұрмыстық техника, жеткізуге әсер етіп жатқанын түсініп отыр. Нью-Йоркте тегін тамақ кезегіне тұрғандар саны ұлғайып жатыр. Ал Ресейде батыс санкциялары басталған шақтан бері дүкен сөрелерінде ресейлік тауарлар арта бастағаны байқалады және олардың бағасы батыс жабдықтаған тауардан екі-үш есе арзан.
РИА Новости тілшісі жазғандай, Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясын сынаушылар рубль инфляциясы мен девальвациясы Ресейде орта тапты жойып жіберді деп атап көрсетіп жатыр. Алайда қазіргі жағдай, керісінше, сол орта тапты тудырып отыр. Шетелдік тауарға құмар болғандар қазір қиналып жатқанымен, сол шетелдік импорттан бас тартып, жылжымайтын мүлікке салым салғандар олжалы болуда.
Бүгінде Ресей жылжымайтын мүлік иелерінің саны бойынша әлемде көш бастауға жақын. Алдында тек Қытай тұр. Ал АҚШ-та олардың саны азайып жатыр.
Ресеймен аса тату емес South China Morning Post Гонконг газеті антиресейлік санкциялар америкалық доллардың резервтік валюта ретінде орнын толығымен жойып тастағанын жазды. Енді әлем елдері басқа валютаға, соның ішінде, қытай юаніне ауысады.
Осы күзде-ақ басқа мемлекеттер үшін тыныс-тіршілігі арман болған елдерге ашаршылық қаупі төніп тұр. Дмитрий Медведевтің сөзін еске алсақ: "АҚШ пен Еуропадағы энергия тасымалдағыштардың бағасына қатысты жағдай өте наар және жергілікті элита бұл үшін Ресейді кінәлі етіп көрсетуге тырысып жатыр. Алайда осы елдердің халқы ақиқатты ажырата алады. Олар барлығын біліп отыр. Сондықтан антиресейлік санкциялар үшін өз билігінен жауап талап етеді".
Жоғарыда аталған жүргізуші Такер Карлсон "адамдар өзіне тамақ сатып ала алмайтын жағдайға жетсе, онда бізді алдымызда өте үрейлі жағдай күтіп тұр" дегенді айтты. Бірақ бұған құлақ асатан адам табылса жақсы.
Жаңалықтар
0