Қытайда 133 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

© Photo : Pixabay Архивтегі фото
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнері апатқа ұшырады, деп хабарлады РИА Новости ҚХР ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
"Бортында 133 адам болған China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы Қытай Халық Республикасы Гуанси-Чжуан аумағында Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Жаңалықтар
0