Спорт

Қарсыласы жарақат алды: Қоңқабаев Алматыда өзбек боксшысымен жұдырықтасады

© Photo : Пресс-служба НОК Казахстана Қамшыбек Қоңқабаев
Қамшыбек Қоңқабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
Қазақ боксшысы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Африка боксшысы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) жарақат алуына байланысты қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) қарсыласы ауысты, деп хабарлады Prosports.kz.
MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының мәліметіне қарағанда, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 25 наурызда Қоңқабаев 29 жастағы өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-5-1, 2 КО) жұдырықтасады. Қазақ боксшысы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды.
Джураев кейінгі жекпе-жегін 6 қарашада өткізіп, қазақстандық Бекзад Нұрдәулетовтен жеңіліп қалған болатын.
Қоңқабаев WBA Gold титулын 2021 жылы 11 желтоқсанда еншілеген, ол кезде ұлыбританиялық Стивен Уордты (12-2, 4 КО) жеңді.
Жаңалықтар
0