Өңірлер

Энергетика министрлігі Петропавлдағы ЖЭО жұмысы туралы айтты

© Sputnik / Елена БережнаяТЭЦ-2 Петропавловск
ТЭЦ-2 Петропавловск - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлаған болатын
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының жұмыс тәртібі қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады.
"20 наурызда Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының бірінші түтін құбыры жартылай құлағанға дейін 4 қазандық жұмыс істеді. Технологиялық бұзушылық туындағаннан кейін 2 қазандық қалды, жылу энергиясын берудің төмендеуі салдарынан жылу желілеріндегі температура +40С дейін төмендеді", - деп хабарлады министрлік.
21 наурызда сағат 9:30-да үшінші қазандық іске қосылды. Содан кейін жылу желілерінде температура көтеріле бастады.
"21 наурызда түстен кейін төрт қазандықты қосу жоспарланып отыр, бұл жылу желілерінің температуралық режимін белгіленген мөлшерге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар үйінділерді түтін мұржасының бұзылуынан тазарту, соның ішінде электр станциясының машинистін іздеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Айта кетері, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады.
Содан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апаттан кейін облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
0