Өңірлер

Автобуста ерсі әрекетке барған алматылық ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал Калиевавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов ер адамның ұсталғанын хабарлады
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде жас ер адамның Алматы көшелерінде орналасқан полиция пунктіне кіріп, ерсі әрекет көрсеткен видеосы тарады.
Ол құқық қорғаушылар отырған жерге кіріп видео түсірген.
Сондай-ақ жігіт қоғамдық көлік ішінде де бұзушылыққа барған. Автобуста отырған жас жігіттің киімінен ұстап, орнынан тұрғызып жібереді. Қоғамдық көліктің ішінде аяғын көтеріп, автобус қабырғасына қояды.
Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Instagram қолданушылары осы видеоға мені белгіледі. Біз бірден тексеруді бастадық. Бейнероликтің авторы бізге бұрыннан таныс. Құқық бұзушы 1991 жылы туған азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - деп жазды ол.
Бұл азаматтың әрекеті қылмыстық кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша тіркелді. Ол бұған дейін де осындай құқық бұзушылықтар бойынша бірінші рет жауапкершілікке тартылған.
Жаңалықтар
0