Ауа райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды – видео

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 наурызда Ақмола облысында сағат 10.00-де ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Жақсы – Есіл – Бұзылық, 0-82 шақырым, Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы учаскесі;
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған, 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы учаскесі;
Жезқазған – Петропавл, 377-569 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы учаскесі;
Екатеринбург – Алматы, 856-1003 шақырым, СҚО шекарасы – Атбасар қаласы учаскесі;
Екатеринбург – Алматы, 1003-1247 шақырым, Атбасар қаласы – Нұрсұлтан қаласы учаскесі;
Көкшетау – Атбасар, 47-184 шақырым, Зеренді ауылы – Атбасар қаласы учаскесі;
Щучинск - Зеренді, 0-77 шақырым, Щучинск қаласы – Зеренді ауылы учаскесі.
Сонымен қатар Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір жол учаскесі жабылды.
Қостанай облысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдар учаскесінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді:
А-16 Жезқазған – Петропавл, 340-377 шақырым (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Р-36 Қостанай – Әулиекөл – Сұрған, 219-232 шақырым (Октябрьское кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін).
Солтүстік-Қазақстан облысында жабылған жолдар:
Екатеринбург – Алматы, 835-856 шақырым, Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы учаскесі;
Жезқазған – Петропавл, 595-624 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы учаскесі.
"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілерінен ауа райы болжамын мұқият қадағалап, ауа райының нашарлауы туралы хабарларды назардан тыс қалдырмауды сұрады.
"Жүргізушілерді ұзақ сапарға шығудан уақытша бас тартуға шақырамыз. Қазір жол қызметкерлері жол жиегін қардан тазартып жатыр. Жұмыстар күшейтілген режимге ауыстырылды", - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады.
Жаңалықтар
0