https://sputnik.kz/20220321/amerika-tartip-dauiraskeri-sholushy-23661251.html
"Америкалық тәртіптің" дәуірі аяқталуға жақын – әскери шолушы
"Америкалық тәртіптің" дәуірі аяқталуға жақын – әскери шолушы
Sputnik Қазақстан
Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің стратегиясы мен тактикасы НАТО-ның шығысқа қарай кеңею бойынша көпжылдық еңбегінің нәтижесін бұзып жатыр. Жарты миллион... 21.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-21T09:09+0500
2022-03-21T09:09+0500
2022-03-21T13:09+0500
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:3273:1842_1920x0_80_0_0_d11dc9a384902f063a438879aa62abb2.jpg
Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің стратегиясы мен тактикасы НАТО-ның шығысқа қарай кеңею бойынша көпжылдық еңбегінің нәтижесін бұзып жатыр. Жарты миллион халқы бар Мариуполь қаласын "Азов" қарулы құрылымының бөлімшелерінен босату Ресейдің украин жерін демилитаризациялау және денацификациялау жоспары ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын аңғартады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Мариупольды басып алу жалғасып жатыр, қақтығыс желісі қала орталығына қарай ығысты. Адам шығыны көп болғандықтан, "Азов" жауынгерлері 17 наурыздан бастап қаладан кетіп, азаматтық киім кию арқылы гуманитарлық дәліздер арқылы шаһардан шығып кетуге әрекет жасап жатыр.Мариуполь шағын аудандарын бейбіт халықты жаппай эвакуациялау басталды. Ресей қарулы күштері бір тәулік ішінде қаладан 42 992 адамды шығарды.Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері, Ұлттық гвардия және аймақтық қорғаныс батальондарында жанармай, артиллериялық оқ-дәрі таусылып жатыр. Ал арсеналдар мен қоймаларды Ресей әскері жойып тастаған.Киев режимі де қарсылық білдіруді жалғастырып жатыр. 18 наурызға қараған түні Украина Қарулы күштері Запорожье қаласының оңтүстік-шығысындағы шет аймағынан толығымен босатылған Мелитопольдің тұрғын үй орамдарына "Точка-У" "кассеталы" зымыранымен соққы жасауға әрекет етті. Бірақ ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі шабуылды анықтап, "Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешені украиндардың соққы жасау қондырғысын істен шығарды. Сонымен қатар 18 наурызда Львов қаласының шетінде МиГ-29 жойғыш ұшақтары қалпына келтіріліп жатқан авиажөндеу зауыты қиратылды.Хроленко РФ Қарулы күштері үш аптаның ішінде Украинаның үштен бірінен астам бөлігін бақылауға алып, Херсон мен басқа да көп қаланы толығымен босатқанын және Киев, Чернигов, Сумы, Харьковты бұғаттағанын атап өтті. Ресей әскері Херсоннан кейін елдің солтүстігіндегі Николаев пен Одессаны бұғаттау үшін Вознесенскке қарай жылжыды.Шолушының мәліметінше, америкалық барлау қызметі Ресей Украина Қарулы күштерін "шығыс шептен" қоршауға алуға дайындалып жатқаны туралы Киевке бірнеше күннен бері ескертіп жатыр. Алайда украин Бас штабының қарсылық көрсететін стратегиясы мен құралы жоқ. Оның күші қарсы соққы жасау үшін Днепропетровск пен Павлоградты тірек пункті ретінде нығайтуға ғана жетеді."Ресейдің өзін-өзі қорғау мақсатында Украинада арнайы әскери операция бастау, Украина Қарулы күштері мен Киев режимінің бейбіт тұрғынды "тірі қалқан" ретінде қолдануы, Пентагонның жасырын биозертханаларының анықталуы, әлемге Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі төнуі, Еуроодақ пен НАТО-да бас сауғалауға тырысқан үш миллион украин босқыны, еуропалықтардың алдағы жылдардағы ауқымды әскери бюджеті, Батыс экономикасының құлдырауы, қымбатшылық пен халық наразылығы – осының барлығы НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюінің нәтижесі", - деп жазды сарапшы.Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Киевке адам өлтіретін қару-жарақ жеткізу бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мәселесін қиындататынын айтты. Сонымен қатар ол АҚШ-тың Украинаға байланысты Қытайға қысым көрсетуге талпынуы жауапсыздық әрі еш нәтиже бермейтінін мәлімдеді.Хроленконың пікірінше, әлемде "америкалық тәртіптің" дәуірі аяқталуға жақын және бұл өзгеріс бүкіл адамзат жаңғыруы, тең халықаралық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін аса қажет.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a68df5143956dde0affe3c22ecc32038.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің стратегиясы мен тактикасы НАТО-ның шығысқа қарай кеңею бойынша көпжылдық еңбегінің нәтижесін бұзып жатыр. Жарты миллион халқы бар Мариуполь қаласын "Азов" қарулы құрылымының бөлімшелерінен босату Ресейдің украин жерін демилитаризациялау және денацификациялау жоспары ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын аңғартады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Мариупольды басып алу жалғасып жатыр, қақтығыс желісі қала орталығына қарай ығысты. Адам шығыны көп болғандықтан, "Азов" жауынгерлері 17 наурыздан бастап қаладан кетіп, азаматтық киім кию арқылы гуманитарлық дәліздер арқылы шаһардан шығып кетуге әрекет жасап жатыр.
Мариуполь шағын аудандарын бейбіт халықты жаппай эвакуациялау басталды. Ресей қарулы күштері бір тәулік ішінде қаладан 42 992 адамды шығарды.
"Мариуполь қазандығы бүкіл Украина аумағындағы Украина Қарулы күштерінің көзін жоюдың айқын үлгісіне айналды. Ресей әскері бұғаттаған миллион тұрғыны бар Харьков қаласы да демилитаризациялау бойынша Мариуполь тағдырын қайталайды. Украина Қарулы күштерінің Бас штабы әскери бөлімшелерді қарумен жабдықтауды қалпына келтіруге тырысқанмен, бұл еш нәтиже берер емес", - деп жазды әскери шолушы.
Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері, Ұлттық гвардия және аймақтық қорғаныс батальондарында жанармай, артиллериялық оқ-дәрі таусылып жатыр. Ал арсеналдар мен қоймаларды Ресей әскері жойып тастаған.
Киев режимі де қарсылық білдіруді жалғастырып жатыр. 18 наурызға қараған түні Украина Қарулы күштері Запорожье қаласының оңтүстік-шығысындағы шет аймағынан толығымен босатылған Мелитопольдің тұрғын үй орамдарына "Точка-У" "кассеталы" зымыранымен соққы жасауға әрекет етті. Бірақ ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі шабуылды анықтап, "Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешені украиндардың соққы жасау қондырғысын істен шығарды. Сонымен қатар 18 наурызда Львов қаласының шетінде МиГ-29 жойғыш ұшақтары қалпына келтіріліп жатқан авиажөндеу зауыты қиратылды.
Хроленко РФ Қарулы күштері үш аптаның ішінде Украинаның үштен бірінен астам бөлігін бақылауға алып, Херсон мен басқа да көп қаланы толығымен босатқанын және Киев, Чернигов, Сумы, Харьковты бұғаттағанын атап өтті. Ресей әскері Херсоннан кейін елдің солтүстігіндегі Николаев пен Одессаны бұғаттау үшін Вознесенскке қарай жылжыды.
Шолушының мәліметінше, америкалық барлау қызметі Ресей Украина Қарулы күштерін "шығыс шептен" қоршауға алуға дайындалып жатқаны туралы Киевке бірнеше күннен бері ескертіп жатыр. Алайда украин Бас штабының қарсылық көрсететін стратегиясы мен құралы жоқ. Оның күші қарсы соққы жасау үшін Днепропетровск пен Павлоградты тірек пункті ретінде нығайтуға ғана жетеді.
"Ресейдің өзін-өзі қорғау мақсатында Украинада арнайы әскери операция бастау, Украина Қарулы күштері мен Киев режимінің бейбіт тұрғынды "тірі қалқан" ретінде қолдануы, Пентагонның жасырын биозертханаларының анықталуы, әлемге Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі төнуі, Еуроодақ пен НАТО-да бас сауғалауға тырысқан үш миллион украин босқыны, еуропалықтардың алдағы жылдардағы ауқымды әскери бюджеті, Батыс экономикасының құлдырауы, қымбатшылық пен халық наразылығы – осының барлығы НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюінің нәтижесі", - деп жазды сарапшы.
Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Киевке адам өлтіретін қару-жарақ жеткізу бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мәселесін қиындататынын айтты. Сонымен қатар ол АҚШ-тың Украинаға байланысты Қытайға қысым көрсетуге талпынуы жауапсыздық әрі еш нәтиже бермейтінін мәлімдеді.
Хроленконың пікірінше, әлемде "америкалық тәртіптің" дәуірі аяқталуға жақын және бұл өзгеріс бүкіл адамзат жаңғыруы, тең халықаралық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін аса қажет.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы