https://sputnik.kz/20220320/zhemis-koshetteri-saqtandyru-23647872.html
Қазақстанда жеміс көшеттері сақтандырылатын болады
Қазақстанда жеміс көшеттері сақтандырылатын болады
Sputnik Қазақстан
Сақтандыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесін өндірістегі қауіпті оқиғалардан қорғау үшін қолға алынды 20.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-20T10:44+0500
2022-03-20T10:44+0500
2022-03-20T10:57+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
сақтандыру
https://sputnik.kz/img/200/28/2002823_0:62:1201:737_1920x0_80_0_0_c0450b73b12fcb81480b3e66e89f6a05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жеміс көшеттерін сақтандыруды қолға алмақ.Ведомство хабарлауынша, министрлік жүйелі түрде климаттық жағдайды қадағалап отырады және туындайтын қатерлерді жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Республикада агоөнеркәсіптік кешенді ерікті сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап күшіне енді. Бағдарлама операторы - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.Бүгінгі күні өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар (бидай, сұлы, арпа, жүгері), күздік және майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр, рапс) бойынша сақтандыру өнімдері енгізілді, сонымен бірге мал шаруашылығы саласында ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, құс саласы сақтандыруға жатады."Жеміс екпелерін сақтандыруға қатысты айтар болсақ, бұл сақтандыру өнімі өткен жылы шетелдік компаниялардың бірімен бірлесіп әзірленді және Қазақстанда тестілеуден өтті. Алайда, тестілеу кезінде әзірленген сақтандыру өнімінің кейбір қателіктері анықталды, бұл оны практикалық іске асыруға мүмкіндік бермеді. Қазіргі уақытта Агросақтандыру қауымдастығы Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогымен, Swiss Re қайта сақтандыру ұйымымен және Agroinsurance International компаниясымен бірлесіп, оны жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.Министрлік мәліметінше, көпжылдық деректер негізінде жасалатын барлық қажетті есептеулер аяқталды және қайта сақтандыру ұйымымен келісуден өтіп жатыр. Одан өткеннен кейін сақтандыру өнімі жергілікті сақтандыру компанияларымен пысықталатын болады. Жеміс көшеттерін сақтандыруды екі бағыт бойынша енгізу жоспарланып отыр: егінді табиғи сипаттағы құбылыстардан және аурулардан сақтандыру, сондай- ақ көпжылдық екпелердің өздерін мүлік ретінде сақтандыру.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/200/28/2002823_68:0:1131:797_1920x0_80_0_0_829203e6a627141fe9e0ef338f689145.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, сақтандыру
ауыл шаруашылығы, сақтандыру
Қазақстанда жеміс көшеттері сақтандырылатын болады
10:44 20.03.2022 (жаңартылды: 10:57 20.03.2022) Сақтандыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүддесін өндірістегі қауіпті оқиғалардан қорғау үшін қолға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жеміс көшеттерін сақтандыруды қолға алмақ.
Ведомство хабарлауынша, министрлік жүйелі түрде климаттық жағдайды қадағалап отырады және туындайтын қатерлерді жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
"Сақтандыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін өндірістегі қауіпті оқиғалардан қорғау үшін қолға алынды", - делінген хабарламада.
Республикада агоөнеркәсіптік кешенді ерікті сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап күшіне енді. Бағдарлама операторы - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.
Бүгінгі күні өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар (бидай, сұлы, арпа, жүгері), күздік және майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр, рапс) бойынша сақтандыру өнімдері енгізілді, сонымен бірге мал шаруашылығы саласында ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, құс саласы сақтандыруға жатады.
"Жеміс екпелерін сақтандыруға қатысты айтар болсақ, бұл сақтандыру өнімі өткен жылы шетелдік компаниялардың бірімен бірлесіп әзірленді және Қазақстанда тестілеуден өтті. Алайда, тестілеу кезінде әзірленген сақтандыру өнімінің кейбір қателіктері анықталды, бұл оны практикалық іске асыруға мүмкіндік бермеді. Қазіргі уақытта Агросақтандыру қауымдастығы Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогымен, Swiss Re қайта сақтандыру ұйымымен және Agroinsurance International компаниясымен бірлесіп, оны жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, көпжылдық деректер негізінде жасалатын барлық қажетті есептеулер аяқталды және қайта сақтандыру ұйымымен келісуден өтіп жатыр. Одан өткеннен кейін сақтандыру өнімі жергілікті сақтандыру компанияларымен пысықталатын болады.
Жеміс көшеттерін сақтандыруды екі бағыт бойынша енгізу жоспарланып отыр: егінді табиғи сипаттағы құбылыстардан және аурулардан сақтандыру, сондай- ақ көпжылдық екпелердің өздерін мүлік ретінде сақтандыру.