Экономика

Мектеп пен аурухана маңыздырақ: Қажымұқан мемориалдық кешені салынбайтын болды

© пресс-служба акима Акмолинской областиАқмола облысындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші
Ақмола облысындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Жазылу
Қазір "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясындағы жұмыстар білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салуға және жөндеуге бағытталады
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі Қажымұқан Мұңайтпасұлы мемориалдық кешенінің жобасын қолдамады.
Жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын "Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрылысы" жобасы ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Оны жүзеге асыру үшін 511,9 миллион теңге керек болған.
"Қазір "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында білім беру нысандарын жаңғырту (мектептерді кеңейту, балабақшалар салу), денсаулық сақтау (емханаларды жөндеу, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу) және басқа да әлеуметтік объектілер басым бағыт болып табылады", – деп түсіндірді министрліктегілер.
Осылайша, Түркістан облысындағы мемориалдық кешенді министрлік қолдамады.
Палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Түркістан облысы Ордабасы ауданында мемориалдық кешен салынатыны туралы ақпарат 2020 жылы пайда болды.
Жобаға сәйкес, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында орналасатын мемориалдық кешеннің жалпы ауданы 5 гектарды құрайды. Нысанда кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц-зал, спорт залы, киім ауыстыратын бөлме, спортшылардың жуынатын орны және басқа да қажетті бөлмелер болады деп жоспарланған.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған палуан. Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы 7 сәуір күні қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп пайымдайды.
Мұңайтпасұлы 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастаған.
1905 жылы Қажымұқан алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Харбинде өткен жарыста Мұңайтпасұлы "джиу-джитсу" күресінен алтын медаль жеңіп алды. Осы додадан кейін "Маньчжурия чемпионы " деген атаққа ие болды.
Ол 1948 жылы Түркістан облысының Бөген ауданындағы Ленин туы колхозында қайтыс болды. Өкпесіне суық тиді деген болжамдар да айтылды.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2019
Дерекқор
Алып күш иесі Қажымұқан туралы қызықты деректер
Жаңалықтар
0